Турникет құрылғысы «Бейнеу мектеп-интернатында» іске қосылды

«Бейнеу мектеп-интернаты» КММ-де қауіпсіздік мақсатында турникет құрылғысы жұмысын бастады. Мектеп қызметкерлері мен оқушыларына Smart-EDUS жобасы аясында мекеме ғимаратына кіруге арналған рұқсат карталары таратылып, оны қолдану жөнінде ақпарат жұмыстары жүргізілді. Осы жұмыстардың нәтижесінде мекеме ғимаратына кіретін барлық оқушы мен қызметкер турникет арқылы кіруде. Асханада тамақтанатын тәрбиеленушілер де сол картамен тамақтанады.