Біз туралы

«Бейнеу мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесінің тарихы

1975 жылы – Мектеп жанындағы интернат болып ашылды.

2000 жылы – «Бейнеу интернат» МКҚК болып қайта құрылды.

2003 жылы –Мектеп жанынан аудандық «Ақ көгершін» жазғы демалыс лагері өз жұмысын бастады.

2004 жылы – Қазан айында Маңғыстау облысы әкімиятының № 206 қаулысымен бұрынғы «Бейнеу интернаты» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Бейнеу ауданы әкімиятының «Бейнеу мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесі болып қайта ұйымдастырылды

2005 жылы – «Бейнеу мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесі өз жұмысын 157 оқушымен бастады. Мектеп үйінің оқу корпусына бұрынғы кеңшардың 120 адамға арнап салынған ғимараты берілді. 2004 жылдың тамыз айында 60 балаға арналған қыз балалар жатақханасы, 2005 жылдың тамыз айында 60 балаға арналған ер балалар жатақханасы салынып пайдалануға берілді.

2005 жылы – «Таңдаулы интернат» конкурсында II орын алды.

2006 жылы – «Білім ұясы» ІІ республикалық конкурсына қатысып, Білім министрінің (Б.Әйтімова) «Алғыс хатымен» марапатталды.

2006 жылы – Жас турист-өлкетанушылар облыстық «Атамекен» слетінде командалық есепте II орын алды.

2007 жылы – Мектептің спорт залы пайдалануға берілді.

2007 жылы –  II Республикалық «Білім ұясы» конкурсында «Таңдаулы интернат» номинациясымен марапатталды.

2008 жылы – аудандық «Жас Ұлан» әскери-спорттық жарысында III орын алды.

2009 жылы – Типтік жаңа оқу корпусы пайдалануға берілді.

2010 жылы – Мектеп ауласына көгалдандыру үшін су құбыры тартылды.

2011 жылы – «Білім ұясы» ІІІ Республикалық конкурсына қатысып, Білім министрінің (Б.Жұмағұлов) «Алғыс хатына» ие болды.

2014 жылы – Мектеп түлегі Қырымқұлова Жансая халықаралық ғылыми жобалар байқауына қатысып, Мемлекеттік грант жеңіп алды.

2017 жылы – Мектеп «Өзін – өзі тану» пәні бойынша Республикалық пилоттық мектептер жобасына енді.

2019 жылы – Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында жаңа технологиямен жабдықталған ІТ сыныбы ашылды.

Мектептің алғашқы директоры

 

Болысов Есен Болысұлы

«Бейнеу мектеп- интернаты» мемлекеттік

мекемесінің алғашқы директоры 

Туған жылы:            1945 жыл, 11 қыркүйек

Білімі:                        Жоғары

Бітірген оқу орны: 1972 жылы Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институты

Мамандығы:            География – биология пәнінің мұғалімі

Марапаты:              1993 жыл Білім және ғылым минстрінің

                                    Құрмет грамотасы;

                                    2006 жыл облыс әкімінің Алғыс хаты;

                                    2008 жыл «Маңғыстау облысына 35жыл»

                                    төс белгісімен марапатталды.

Еңбек өтілі:              37 жыл


Қараев Кәрім Амантұрлыұлы

«Бейнеу мектеп — интернаты» мемлекеттік мекемесінің алғашқы директордың тәрбие ісі  жөніндегі орынбасары

Туған жылы:              1958 жыл, 12 қараша

Білімі:                           Жоғары

Бітірген оқу орны:      1991 жылы Гурьев педагогикалық институты

Мамандығы:                Биология пәнінің мұғалімі

1992-94 жылдары Жанкелдин  селолық  кеңесінің хатшысы, аудандық азаматтық қорғаныс штабының бастығы  қызметтерін атқарды. 1994-96 жылдары Жанкелдин атындағы орта мектебіне ұзартылған күн тобының  тәрбиешісі  болды. 1996-2004 жылдары еңбек  пәні мұғалімі және қоғамдық пайдалы  еңбекті  ұйымдастырушы  болып  еңбек  етті. 2005 жылы  «Бейнеу  мектеп-интернаты» ММ-не  директордың  тәрбие  ісі  жөніндегі  орынбасары  қызметіне  ауысты.

2008 жылы мамырда дүниеден озды.

Ізбасаров Айберген Шомақұлы

2008-2010 жылдар аралығында

«Бейнеу мектеп- интернаты» мемлекеттік мекемесінің  директоры

Туған жылы:           1954 жыл, 31 желтоқсан

Білімі:                       Жоғары

Бітірген оқу орны:  Орал педагогикалық институты

Мамандығы:            Тарих пәнінің мұғалімі

Марапаты:              Қазақ ССР халық ағарту ісінің үздігі

Еңбек өтілі:             32 жыл


Сынабаев Хисмет Смағзанұлы

 2010 жылы қараша — 2012 жылы  наурыз аралығында

«Бейнеу мектеп – интернаты» мемлекеттік мекемесінде

 мектеп директоры қызметін атқарды.

Туған жылы:                1962 жыл

Білімі:                           Жоғары-1992

Бітірген оқу орны:     Атырау педагогикалық институты

Мамандығы:                Педагог-тарихшы

Еңбек өтілі:                 8 жыл

Еңбек жолы:

1989-1980 жылдар арасында АТП мекемесінде жүргізуші;

1980-1982 жылдар арасында армия қатарында;

1982-1987 жылдар арасында Райком комсомолда;

1987-1992 жылдар арасында Жанкелдин орта мектебінде;

1992-1996 жылдар арасында селолық кеңесте;

1996-2010 жылдар арасында кәсіпкерлікте;

2010-2012 жылдар арасында «Бейнеу мектеп-интернаты»

мемлекеттік мекемесінде мектеп директоры қызметін атқарды.


Сағындық Айса Жалғасұлы 

 2012 жылы қазан — 2025 жылы  қыркүйек аралығында

«Бейнеу мектеп – интернаты» мемлекеттік мекемесінде

 мектеп директоры қызметін атқарды.

Туған жылы:            1974 жыл, 5 желтоқсан

Білімі:                        Жоғары

Бітірген оқу орны:  Атырау Х.Досмуханбетов атындағы университеті

Мамандығы:             Қазақ тілі мен әдебиеті

Марапаты:

 2013 жылы облыс әкімінің Алғыс хаты

 2014 жылы облыс әкімінің Алғыс хаты

 2020 жылы облыс әкімінің Алғыс хаты

 2020 жылы аудан әкімінің Алғыс хаты

 2020 жылы ҚР-сы Білім және ғылым Министрлігінің Құрмет грамотасы

2020 жылы Маңғыстау облысы Білім басқармасының Құрмет грамотасы

 Еңбек өтілі:            24 жыл


Таңатаров Мирас Сәрсенбайұлы

2025 жылы қыркүйек айынан бастап «Бейнеу мектеп — интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры


Жетписова Айжаксы Бегейбаевна

2000-2005 жылдар аралығында Жанкелдин атындағы

орта мектебінің; 2005-2011 жылдар аралығында

«Бейнеу мектеп- интернаты» мемлекеттік мекемесінде  директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызтетін атқарды.

Туған жылы:              1962 жыл, 27 желтоқсан

Білімі:                          Жоғары

Бітірген оқу орны:    Атырау педагогикалық институты

Мамандығы:              Биология- химия пәнінің мұғалімі

Еңбек өтілі:              37 жыл

Марапаттары:

  • 1992 жылы аудандық білім беру бөлімінің Құрмет грамотасымен;
  • 1992 жылы шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдердің аудандық байқауында аудандық білім бөлімінің Құрмет грамотасымен;
  • 2000 жылы аудан және облыс әкімінің Алғыс хатымен;
  • 2003 жылы облыс әкімі Б.Палымбетовтің бір топ облыстық білім беру қызметкерлерімен кездесуінде Алғыс хатпен;
  • 2006 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен;
  • 2009 жылы Қазақстан Республикасы Кіші Ғылым академиясының Маңғыстау филиалы«Мейірбике» медициналық колледжінің Алғыс хатымен;
  • 2012 жылы аудандық білім бөлімінің Құрмет грамотасымен;
  • 2013 жылы облыс әкімі А.Айдарбаевтің Алғыс хатымен;
  • 2014 жылы ҚР Кіші Ғылым академиясының Маңғыстау филиалы, «Мейірбике» медициналық колледжінің Алғыс хатымен;
  • 2014 жылы ҚРКіші Ғылым академиясының Маңғыстау филиалы, «Мейірбике» медициналық колледжінің Құрмет грамотасымен;
  • 2013 жылдың 27 тамызда Ақтау қаласы «Нұр-Плаза» қонақ үйінің мәжіліс залында «Сапалы білім мен тәрбие беру – Қазақстанның мемлекеттік саясатының басымдығы» тақырыбында өткен облыстық білім беру қызметкерлерінің тамыз педагогикалық кеңесінде Алғыс хатпен;
  • 2013 жылы Облыс әкімі А.Айдарбаевтің Құрмет грамотасы;
  • 2014 жылы «Білім берудің инновациялық стратегиясы – мемлекеттің, қоғамның және жеке тұлғаның тұрақты даму факторы» тақырыбында өткен облыстық білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесінде арнайы сертификатпен;
  • 2014 жылдың желтоқсан айында аудандық семинарда қоғамдастықтың жетекші директорының арнайы сертификатымен;
  • 2016 жылы облыс әкімі А.Айдарбаевтің Құрмет грамотасымен марапатталды.
  • 2016 жылы ҚР-ның Тәуелсіздігіне 25 жылдығына орай «Тәуелсіздікке – 25 жыл» медалі;
  • 2018 жылы «Бейнеу ауданына – 45 жыл» медалі;
  • 2021 жылы ауыл әкімі Т.Емілдің Алғыс хаты;
  • 2022 жылы аудандық білім бөлімінің «Оқу – әдістемелік орталығы» КММ-нің Алғыс хаты.

Оқушыларының жетістіктері

  • 2006 жылы КҒА-ның Маңғыстау филиалы ұйымдастырған ҮІ облыстық ғылыми-практикалық конференциясында Қожбанова Сәуле І орын;
  • 2006 жылы Ақтөбе қаласында өткен республикалық ғылыми-жоба байқауында Қожбанова Сәуле ынталандыру сыйлығын алып,Алғыс хатпен марапатталды және ҚР КҒА аймақтық республикалық 32-ші ғылыми-практикалық конференциясының тезистер жинағына енді;
  • 2007 жылы аудандық «Экология және балалар» атты ғылыми-практикалық конференциясында ІІ орын;
  • 2007 жылы аудандық пәндік олимпиададан 8 сынып оқушысы Нәукебаев Мейірбек ІІ орын, 9 сынып оқушысы Самендерова Қамар ІІІ орын;
  • 2008 жылы облыстық «Дарын» қосымша орталығы ұйымдастырған ғылыми-жоба байқауында Тасболатова Гүлбаршын ІІ орын;
  • 2009 жылы КҒА-ның Маңғыстау филиалы ұйымдастырған облыстық ғылыми-практикалық конференциясында Тасболатова Гүлбаршын І орын;
  • 2009 жылы КҒА-ның Маңғыстау филиалы ұйымдастырған облыстық ғылыми-практикалық конференциясында Тасболатова Гүлбаршын ІІІ орын;
  • 2013 жылы аудандық «Қазақстан-елім менің» ғылыми-практикалық конфе- ренциясында «Туризм және спорт, денсаулық» секциясы бойынша 9-сынып оқушысы Берікбаева Гүлбаршын І орын;
  • 2013 жылы облыстық «Қазақстан-елім менің» ғылыми-практикалық конференциясында «Туризм және спорт, денсаулық» секциясы бойынша 9-сынып оқушысы Берікбаева Гүлбаршын І орын;
  • 2013 жылы Ақтөбе қаласында өткен республикалық «Қазақстан-елім менің» ғылыми-практикалық конференциясына қатысқаны үшін 9-сынып оқушысы Берікбаева Гүлбаршын арнайы сертификатпен;
  • 2013 жылы ҚР Кіші ғылым Академиясының 39-шы Республикалық ғылыми-практикалық конференциясына қатысқаны үшін Берікбаева Гүлбаршын ІІІ дәрежелі дипломмен;
  • 2013 оқу жылының қорытындысы бойынша дарындылығымен дараланып, аудан мерейін көтеруге үлес қосқаны үшін Берікбаева Гүлбаршын Алғыс хатпен;
  • 2014 жылы КҒА-ның Маңғыстау филиалы ұйымдастырған облыстық ғылыми-практикалық конференциясында Тәжіғұлова Айдана ІІІ орын;
  • 2014 жылы Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық ғылыми жоба конкурсының аудандық кезеңінде биология секциясы бойынша 11 сынып оқушысы Берикбаева Гүлбаршын ІІІ дәрежелі дипломмен;
  • 2015 жылы Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық ғылыми жоба конкурсының аудандық кезеңінде қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығын сақтау секциясы бойынша 9 сынып оқушысы Таңатарова Ұлжанай І дәрежелі дипломмен марапатталды.
  • 2016 жылы оқушылардың аудандық ғылыми конференциясысына биология секциясына қатысқан Таңатарова Ұлжанай І орын алып, облыстық ғылыми конференцияға жолдама алды.
  • 2016 жылы Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық пәндік олимпиаданың аудандық кезеңінде химия пәні бойынша ІІІ орын;
  • 2018 жылы республикалық президенттік олимпиаданың аудандық кезеңінде Оңғалиева Жұлдыз І орын;
  • 2018 жылы Жаратылыстану-математика бағыты бойынша 7-8 сынып олимпиадасының аудандық кезеңінде Көмекбаева Эльмира химия пәні бойынша ІІІ орын;
  • 2019 жылы Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының аудандық кезеңінде Жолшараева Назерке ІІІ орын;

Қадірова Миллят Сатыбалдықызы

2010 – 2016 жылдар арлығында

«Бейнеу мектеп- интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

қызметін атқарды

Туған жылы:           1985 жыл,  31 наурыз

Білімі:                       Жоғары

Бітірген оқу орны: Маңғыстау болашақ институты

Мамандығы:            Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Еңбек өтілі:            10 жыл

Марапаты:             2009 жылы Мектепішілік мақтау қағазы;

                                 2013 жылы Аудандық білім бөлімінің Құрмет грамотасы;

Оқушы жетістіктері

2009 жылы аудандық «Әбіш оқулары» байқауында Тәжіғұлова Айзада 1 орын иемденіп, облыстық «Әбіш оқулары» байқауына қатысты;

2010 жылы Қазақстан халықтары тілдерінің ХІІ аудандық фестивалінде «Берілген ұйқасқа өлең құрау» бөлімі бойынша Тайманова Нұрлыгүл ІІ орын, дәл осы сайыстың «Өлеңнен өрілген ой» бөлімі бойынша Қалдәулетова Гүлнұр ІІ орын;

2011 жылы ХІІ аудандық Абай оқуларында «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» бөлімі бойынша Маханова Ұлмекен ІІІ  орын;

2011 жылы ІІ аудандық Махамбет оқуларында «Мен – Өтемістің баласы Махамбет атты батырмын» бөлімі бойынша Тайманова Нұрлыгүл ІІ орын;

2011 жылы ХІІ аудандық Абай оқуларында «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» бөлімі бойынша Тәжіғұлова Ұлболсын ІІ  орын;

2011 жылы аудандық пәндік олимпиадада қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Қалдәулетова Гүлнұр ІІІ  орын;

2012 жылы аудандық ХІІІ «Абай оқулары» конкурсында «Көңілім әнді ұғады» бөлімі бойынша Көбеншеева Нұрзада 3 орын;

2012 жылы Қазақстан халықтары тілдері ХІҮ фестивалі аясында өткен «Әбіш оқулары — 2012» сайысында  Масхутова Таңшолпан ІІІ орын;

2012 жылы аудандық «Жас жол инспекторлар жасағы» байқауында «Жас тілші» сайысында Маханова Ұлмекен ІІ орын;

2012 жылы аудандық ХІІІ «Абай оқулары» конкурсында «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» бөлімі бойынша Маханова Ұлмекен ІІ орын;

2013 жылы аудандық «Абай оқулары» конкурсында «Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша Айтбаева Гүлзада ІІ орын;

2013 жылы аудандық «Қазақстан – елім менің» ғылыми – практикалық конференциясында «Сөнбес жұлдыздар» секциясы бойынша Жарылғапова Мадина ІІІ орын;

2014 жылы  ҚР – ның Тұңғыш Президенті күніне орай «Менің Перзидентім» атты аудандық жастар шығармашылық сайысының «Ақындар мүшәйрасы» бөлімінде  Маханова Ұлмекен І орын;

2010 жылы аудандық «Тілші және бастауыш сынып мұғалімдерінің» олимпиадасына қатысты;

2010 жылы аудандық  «Жыл мұғалімі – 2010» конкурсында «Ізденгіш мұғалім» номинациясын иемденді.


Бурина Нұрбибі Кенжеғалиқызы

2008 жылдың  қыркүйек айынан бастап

«Бейнеу мектеп- интернаты» коммуналдық мемлекеттік

 мекемесі  директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Туған жылы:             1974 жыл, 11 шілде

Білімі:                         Жоғары

Бітірген оқу орны:   Ш.Есенов атындағы Ақтау  мемлекеттік университеті

Мамандығы:              Бастауыш сынып  мұғалімі

Еңбек өтілі:               25  жыл

Марапаттры: 

2006 жылы аудандық білім бөлімінің Мақтау грамотасымен марапатталды;

2007 жылы аудандық білім бөлімінің Құрмет грамотасымен марапатталды;

2008 жылы аудандық білім бөлімінің Құрмет грамотасымен марапатталды;

2014 жылы Маңғыстау облысының білім беру жүйесіндегі шығармашылық еңбегі және жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі табыстары үшін білім басқармасының Алғысымен;

2015 жылы еңбек кітапшада 8 наурыз мерекесіне орай оқытудағы жетістіктері мен тәрбиелеудегі ерен еңбектері үшін Алғыс жарияланды. Бұйрық №34к 06.03.2015 ж;

2015 жылы Білім беру саласындағы жетістіктері мен жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі қосқан үлесі үшін аудандық білім беру білімінің Алғыс грамотасымен марапатталды;

2016 жылы Бейнеу ауданының білім беру саласының дамуына және жас ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін аудан әкімінің Алғысымен марапатталды;

2017 жылы 25-30 қазан аралығында Алматы қаласында өткен «Бөбек ұлттық ғылыми-практикалық,білім беру және сауықтыру орталығының «Өзін-өзі тану»: Сүйіспеншілік және Шығармашылқ педагогикасы» Халықаралық форумына қатысып сертификат алды;

2017 жылы 10-11 қарашада өткен «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының пилоттық жобасын жүзеге асыру тұжырымдамасы» тақырыбындағы семинарға қатысып сертификат алды;

2017 жылы «Адамды ақиқат, ізгілік пен сұлулық заңдарымен өмір сүруге шабыттандыру – ұлы міндет…» тақырыбында,ы облыстық семинарда белсенділік танытып, шеберлік сынып көрсеткенім үшін «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филииалының Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының Алғыс хатымен марапатталды;

2018 жылы №24 Маңғыстау облыстық баспасөз басылымы «Маңғыстау мұғалімі» газетінде «Бала тәрбиесі – баршаға ортақ» тақырыбында мақаласы жарияланды;

2018 жылы қаңтар айындағы №1(05) санында «Қазақ білімі» республикалық ғылыми әдістемелік, педагогикалық журналында «Мектеп-интернат білім мен тәрбиенің ошағы» тақырыбында мақаласы жарық көрді;

2018 жылы 16 сәуір айындағы №4(280) санында Облыстық баспасөз басылымы «Маңғыстау мұғалімі» газетінде «Білім мен тәрбиенің ошағы» мақаласы жарық көрді;

2018 жылы «Инновациялық қызметтің нәтижелі білім сапасына ықпалы» республикалық журналына «Мен – адаммын» ашық сабағын жарияланды;

2018 жылы «Назарбаев Зиткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген «Тәжірибе рефлекция» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша 100 академиялық сағат көлеміндегі курысына қатысып куәлік алды. Серия М №011;

2018 жылы «Сүйіспеншілік педагогикасы – білім берудегі жалпыадамзаттық құндылықтарды рухани жаңғыртудың негізі» тақырыбындағы on – line режимде өткен республикалық конференцияға қатысқаным үшін сертификат алды. №0003718;

2018 жылы «Қазақ білімі» республикалық ғылыми – әдістемелік, педагогикалық журналының дамуына атсалысқаны үшін Алғыс хатымен марапатталды.

2018 жылы Білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға ақпараттық қолдау және «БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ» тақырыбымен тұрақты өткізілетін ақпарттық,ғылыми, практикалық республикалық семинарлардың жұмыс бағдарламасы бойынша материал жарияланды және Республика көлемінде «Online Google groups» қатысқаны үшін Алғыс хатымен марапатталды.

2018 жылы Аудандық өзін-өзі тану пәні мұғалімдерінің тәжірибе алмасу семинар – тренингіне белсенді қатысқаны үшін «Бейнеу аудандық білім беруді үйлестіру» КММ – нің Алғыс хатымен марапатталды.

2018 жылы «Білім беру мазмұнын жаңартудың маңыздылығы» атты бағдарламаға қатынасып, іс – тәжірибе таратқаны үшін Қазақстанның білім және ғылым әлемінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

2020 жылы «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын оқу-тәрбие үдерісіне интеграциялау» пилоттық жобасын іске асыруға белсенді қатысқаны үшін «Адамның үйлесім дамуы ұлттық институты» КЕАҚ Алғыс хатымен марапатталды.

2021 жылы Білім беру саласының өркендеуі жолында адал қызмет етіп, жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі еңбегі үшін ауыл әкімінің Алғысымен марапатталды.

2021 жылы Өскелең ұрпаққа білім берудегі және тәрбиелеудегі жетістіктері үшін Бейнеу ауданы әкімінің Алғысымен марапатталды.

Оқушыларының жетістіктері

  • 2011 жылы дәстүрлі аудандық «Атамекен» слетінде Маханова Сағира «Асыл мұра» бағыты бойынша ынталандыру;
  • 2011 жылы аудандық «Менің қуанышымды менімен бөліс» атты сурет байқауынан 6-сынып оқушысы Маханов Ақберен 1-орын ;
  • 2012 жылы аудандық «Жас жол инспекторлар жасағы» байқауында «Жас тілші» бөлімі бойынша Маханова Ұлмекен 2-орын ;
  • 2013 жылы аудандық «Дарын орталығы» МКҚК жоспарына сәйкес өткізілген «Менің қуанышымды менімен бөліс» сурет байқауында «Бізді қоршаған әлем» номинациясы бойынша Қалдәулетова Гүлжайна 1-орын;
  • 2014 жылы Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық ғылыми жоба конкурсының аудандық кезеңінде химия секциясы бойынша 11-сынып оқушысы Маханова Ұлмекен 1 орын, физика секциясы бойынша 11-сынып оқушысы Қырымқұлова Жансая 2 орынға ие болып, Ақтау қаласында өткен облыстық кезеңінде 3 орынды иеленіп, жеңімпаз атанды.
  • 2014 жылы 1-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» республикалық конкурсының биология секциясы бойынша 7-сынып оқушысы Қалмырзаева Динара 2 орын;
  • 2014 жылы «Өзін-өзі тану» пәні бойынша республикалық олимпиадасының аудандық кезеңінде 8-сынып оқушысы Қусинова Гули, 9-сынып оқушысы Таңатарова Ұлжанай 2 орын;
  • 2015 жылы аудандық «Жас жол инспекторлар жасағы» байқауында 3 орын;
  • 2015 жылы 1-4 наурыз аралығында өткен Ө. Жолдасбеков атындағы оқушылардың математика және механикадан зерттеу жұмыстары V халықаралық конкурсына 11-сынып оқушысы Қырымқұлова Жансая қатысып, 125 сертификатқа ие болды.
  • 2015 жылы Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық ғылыми жоба конкурсының аудандық кезеңінде химия секциясы бойынша 8-сынып Қусинова Гули ынталандыру;
  • 2015 жылы аудандық «Менің қуанышымды менімен бөліс» атты сурет байқауынан 8-сынып оқушысы Кадірбаева Нұрсая 3-орын ;
  • 2015 жылы аудандық «Ер есімі – ел есінде» байқауының «Театрландырылған қойылым» бөлімі бойынша 2-орын;
  • 2015 жылы «Өзін-өзі тану» пәні бойынша республикалық олимпиадасының аудандық кезеңінде «Гүлдер» командасы 1-орын;
  • 2016 жылы «Өзін өзі тану» пәні бойынша өткен аудандық шығармашылық педагогикасы онкүндігінің «Мейірімділік» бөлімінде ІІ орын алды.
  • 2017 жылы «Өзін – өзі тану» пәні бойынша ремпубликалық олимпиаданың аудандық кезеңінде 9-сынып оқушысы Берікбаева Толғанай 2-орынмен марапатталды;
  • 2018 жылы «Өзін – өзі тану» пәні бойынша ремпубликалық олимпиаданың аудандық кезеңінде 7сынып оқушысы Төлепбергенова Мөлдір 3-орынмен марапатталды;

Ардагер ұстаз

Шұңғылова Тоқтагүл Тұрғынбайқызы

«Бейнеу мектеп- интернаты» мемлекеттік мекемесінің 

ардагер ұстазы

Туған жылы:              1949 жыл, 6 қазан

Білімі:                          Жоғары

Бітірген оқу орны:     КазПИ -1972

Мамандығы:               География – бология пәні мұғалімі

Еңбек өтілі:               37 жыл

Марапаттары:          Қазақ ССР халық ағарту ісінің үздігі-2004

Оқушыларының жетістіктері

Ардагер ұстаз

Қаналиева Ағияш Абдоллақызы

«Бейнеу мектеп- интернаты» мемлекеттік мекемесінің 

ардагер ұстазы

Туған жылы:              1956 жыл, 12 қыркүйек

Білімі:                          Жоғары

Бітірген оқу орны:     АтырауПИ -1978

Мамандығы:               Физика пәні мұғалімі

Еңбек өтілі:               31 жыл

Марапаттары:    Аудандық білім беру бөлімінің Құрмет грамотасы

                                Маңғыстау облысы КҒА-ның Алғыс хаты-2009

Оқушыларының жетістіктері

Жетпісова Майра 2006 жыл «Дарын» облыстық байқауында ІІ орын;

Маханова Сағира 2008 жыл облыстық КҒА-да ынталандыру;

Маханова Сағира 2009 жыл облыстық КҒА-да ІІІ орын.