Мектеп кітапханасы

Мектебімізде 8 сәуір күні әкелерге арналған «Қауіпсіз интернет және цифрлық мәдениет» тақырыбында тренинг өткізілді.

Тренингтің мақсаты – ата-аналардың, әсіресе әкелердің балалардың интернеттегі қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлін күшейту, цифрлық мәдениет туралы түсініктерін кеңейту және киберқауіптердің алдын алу жолдарын түсіндіру.

Тренинг барысында:

интернеттегі қауіпсіздік ережелері;
кибербуллингтің алдын алу;
әлеуметтік желіні тиімді пайдалану;
балалардың гаджет қолдану мәдениеті;
интернет алаяқтықтан сақтану жолдары туралы ақпараттар берілді.

Тренингте қатысушыларға жағдаяттық тапсырмалар ұсынылып, пікір алмасу ұйымдастырылды. Әкелер өз тәжірибелерімен бөлісіп, бала тәрбиесіндегі цифрлық қауіпсіздіктің маңыздылығын талқылады.


Кітапханада «Яссауи және Орталық Азия өркениеті» атты тақырыпта мазмұнды кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің басты мақсаты – ұлы ойшыл Қожа Ахмет Яссауидің рухани мұрасын насихаттау және Орталық Азия халықтарының мәдени-тарихи өркениетін таныту.
Көрме барысында оқырмандарға Яссауи өмірі мен шығармашылығына арналған еңбектер, соның ішінде оның әйгілі «Диуани хикмет» кітабы және түркі дүниесінің рухани дамуына қосқан үлесі туралы әдебиеттер ұсынылды. Сонымен қатар, Орталық Азия халықтарының тарихы, мәдениеті мен ғылымының дамуын көрсететін кітаптар мен деректер қойылды.
Осындай көрмелер жас ұрпақты рухани құндылықтарды құрметтеуге, тарихи сананы қалыптастыруға және ұлттық мұраны тереңірек тануға баулиды.
Ауылымыздың қолөнер үйірмесінің жетекшісі, суретші, «Үлгілі» атағының иегері Аққұлова Мира апаймен кездесу ұйымдастырылды. Кездесудің мақсаты – оқырмандарды қолөнер өнерімен таныстыру, шығармашылыққа баулу және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Шара барысында Мира апай өз шығармашылығы туралы әңгімелеп, қолөнер бұйымдарын жасау жолдарымен бөлісті. Қатысушыларға түрлі техникалар көрсетіліп, сурет салу мен қолөнерге қатысты қызықты кеңестер берілді. Балалар өз сұрақтарын қойып, шебермен еркін пікір алмасты.
Кездесу өте әсерлі әрі танымдық деңгейде өтті. Қатысушылар қолөнердің қыр-сырымен танысып, шығармашылыққа деген қызығушылықтарын арттырды.
Шара соңында оқырмандар өз алғыстарын білдіріп, естелік суретке түсті.
23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай мектебіміздің кітапханасында «Кітапты тап» атты интеллектуалдық ойын ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты – оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, олардың ойлау қабілетін дамыту және білімге құштарлығын ояту.
Ойын барысында қатысушылар әртүрлі тапсырмалар орындап, кітап мазмұнына байланысты сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, оқушылар өздерінің тапқырлығы мен білімдерін көрсете отырып, белсенділік танытты. Шара өте тартымды әрі қызықты өтті.
Іс-шара соңында жеңімпаздар анықталып, марапатталды. Мұндай танымдық ойындар оқушылардың рухани дамуына үлкен үлес қосады.
23 сәуір – Ұлттық кітап күні мерекесіне орай кітапханада «Кітап әлемінде» тақырыбында квест ойыны ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, олардың ой-өрісін кеңейту және кітап оқуды насихаттау.
Квест ойыны барысында қатысушылар түрлі тапсырмаларды орындап, әдеби кейіпкерлерді танып, жұмбақтар шешіп, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Ойын бірнеше кезеңнен тұрып, әр бөлімде оқушылардың білімдері мен тапқырлықтары сынға түсті.

Шара өте қызықты әрі тартымды өтті. Қатысушылар белсенділік танытып, жақсы көңіл-күйде болды. Соңында жеңімпаздар анықталып, сыйлықтар берілді.

«Бейнеу мектеп-интернаты» КММ-де 23 сәуір «Ұлттық кітап күні» мерекесіне орай «Балалар басылымдары – білім бастауы» атты 5-6-7
сынып оқушыларына арналған балалар журналдарымен таныстыру
сағаттары өтті.Мақсаты: оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.
23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай «Балалар басылымдары – кітапқа бастайтын жол» тақырыбында «Кітап – білім бұлағы» атты көрме ұйымдастырылды.
Көрменің негізгі мақсаты – жас оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, балалар әдебиетін насихаттау және олардың рухани дамуына ықпал ету. Көрме барысында әртүрлі балаларға арналған көркем әдебиеттер, ертегілер жинағы, танымдық кітаптар мен журналдар ұсынылды.
Іс-шара аясында оқырмандармен сұрақ-жауап ұйымдастырылып, олардың кітапқа деген қызығушылығы мен білім деңгейі анықталды. Қатысушылар белсенділік танытып, өз ойларымен бөлісті.
Аталған көрме балаларды кітап оқуға баулып, олардың ой-өрісін кеңейтуге үлкен үлес қосты.
“23 сәуір Ұлттық кітап күні”
“Балалар басылымдары-кітапқа бастайтын жол” » Балалар журналдары – қызық пен білім көзі»
Балалар журналдары – жас ұрпақтың білімін арттырып, ой-өрісін кеңейтетін маңызды басылымдардың бірі. Олар тек ақпарат беріп қана қоймай, балалардың қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға көмектеседі.
Журнал беттерінде қызықты әңгімелер, ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, түрлі танымдық мақалалар мен суреттер беріледі. Бұл балалардың оқу дағдысын қалыптастырып, сөздік қорын молайтады.
Балалар журналдары табиғат, ғылым, техника, тарих сияқты әртүрлі тақырыптарды қамтиды. Осы арқылы бала қоршаған ортаны танып, жаңа мәліметтер алады. Кейбір журналдарда қолөнер жасау, сурет салу сияқты пайдалы кеңестер де беріледі.
Қазіргі таңда балалар журналдары қағаз түрінде ғана емес, электронды форматта да шығып келеді. Бұл балаларға кез келген жерде білім алуға мүмкіндік береді.
«23 сәуір – Ұлттық кітап күніне» орай кітапханада «Қожа Ахмет Яссауи – түркі әлемінің ұлы рухани тұлғасы» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Аталған шараның негізгі мақсаты – оқушыларға ұлы ойшылдың өмірі мен шығармашылығын таныстыру, рухани құндылықтарды дәріптеу және кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру.
Көрме барысында оқушыларға Қожа Ахмет Яссауидің өмір жолы, оның «Диуани хикмет» еңбегінің маңызы, түркі дүниесіндегі орны туралы кеңінен мәлімет берілді. Сонымен қатар кітапхана қорындағы тақырыпқа қатысты әдебиеттер таныстырылып, мазмұнына қысқаша шолу жасалды.
Іс-шараға қатысқан мектеп оқушылары көрмемен танысып, өз ойларымен бөлісті. Олар рухани тұлғаның даналық сөздері мен өсиеттерінен тағылым алып, кітапқа деген қызығушылықтарының артқанын жеткізді.

Мұндай танымдық шаралар жас ұрпақтың рухани дамуына, тарихи тұлғаларды құрметтеуге және ұлттық құндылықтарды бағалауға үлкен септігін тигізеді.

2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күніне орай кітапханада арнайы көрме ұйымдастырылды. Іс-шара барысында жас оқырмандар ертегілер айтып, тақпақтар оқыды. Балалар кітап әлеміне саяхат жасап, қызықты шығармалармен танысты. Мереке балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, рухани дамуына оң әсерін тигізді.

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай мектеп кітапханасында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында балалар аналар мен ұстаздарды көктемнің шуақты мерекесімен құттықтады.
Балалар өлең айтып, ән шырқап, мерекелік көңіл күй сыйлады. Сонымен қатар аналар мен әжелерге арналған жылы тілектер айтылып, шағын сыйлықтар табысталды.
Мерекелік кеш өте әсерлі өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Балалар аналарға деген сүйіспеншіліктері мен алғыстарын білдірді.

1-сынып оқушылары алғаш рет мектеп кітапханасына саяхат жасап, кітап әлемімен танысты. Кітапханашы балаларға кітапхананың жұмыс тәртібін, кітаптарды қалай таңдап, қалай күтіп ұстау керектігін түсіндірді.
Оқушылар сөрелердегі түрлі ертегі кітаптарды қызығушылықпен қарап, өздеріне таныс шығармалар туралы әңгімеледі. Атап айтқанда, балалар Қазақ ертегілері, Түлкі, қойшы, аю ертегілерінен қысқаша мазмұнын айтып берді.
Кітапханаға алғашқы сапар оқушылар үшін ерекше әсер қалдырып, кітапқа деген қызығушылықтарын оятты.

Мектеп кітапханасында «Кітап және оқырман» ой бөлісу алаңы болды. Оқырмандарымыз оқыған ертегілерін әңгімелеп, жаттаған өлеңдерін мәнерлеп оқып берді. Әр бала өз кейіпкерлерін ерекше ықыласпен таныстырып, шығарманың мазмұнын қызықты етіп жеткізе білді.
Ертегілер арқылы қиялдарына қанат бітсе, өлең оқу барысында сөз мәнерін, дауыс ырғағын сақтап, сахна мәдениетін көрсетті. Бұл – балалардың кітапқа деген қызығушылығы мен шығармашылық қабілетінің артып келе жатқанының айғағы.
📖 Кітап оқуға баулу – рухани дамудың негізі.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында ұйымдастырылған «Менің сүйікті кітабым» атты республикалық челлендж ұйымдастырылды. Аталған шараның басты мақсаты – білім алушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру және көркем әдебиетті насихаттау болды.
Челлендж барысында оқушылар өздерінің сүйікті кітаптарын таныстырып, шығарманың мазмұны мен тәрбиелік мәніне тоқталып, алған әсерлерімен бөлісті. Бейнероликтер мен шығармашылық жұмыстар ұсынды. Челлендж оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамытуға, ойларын еркін жеткізуге және сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын жетілдіруге оң ықпал етеді.
📚 «14 ақпан — Халықаралық кітап сыйлау күніне» орай, мектеп кітапханасында кітап сыйлау акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында кітапхана қоры үш кітапқа толықтырылды. Акцияға қызметкерлермен ата-аналар үлесін қосты.
Балалар мен жас оқырмандардың кітап оқуға қызығушылығы артты.
• Кітапхана қорын жаңарту арқылы оқу мен білімге қолжетімділік кеңейді.
• Қоғамда кітап оқу мәдениетін насихаттау күшейді.

Қазақтың көрнекті халық ақыны, жырау, айтыскер
Сәттіғұл Жанғабылұлының туғанына 150 жыл толуына орай кітапханада « Сәттіғұл Жанғабылұлы – халық жырауы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеде ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған деректер, жыр-толғаулары, айтыстары, жарық көрген кітаптары мен ол туралы зерттеу еңбектер ұсынылған.
Сәттіғұл Жанғабылұлы – ел тарихын, халықтың мұң-мұқтажын, азаттық пен адамгершілік құндылықтарын жырлаған дара тұлға.
Кітап көрмесі оқырмандарды ақын мұрасымен тереңірек танысуға, ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеуге шақырады.
Балалар кітапханасы жобасы аясында көрнекті жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері Ілияс Есенберлиннің 110 жылдығына орай кітапханада кітап көрмесі мен викториналық сұрақ-жауап ұйымдастырылды. Кітап көрмесінде жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған еңбектері қойылып, оқырмандарға таныстырылды. Викториналық сұрақ-жауап барысында балалар Ілияс Есенберлиннің шығармалары мен тарихи романдары жөнінде білімдерін көрсетті. Аталған жұмыс жас оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, ұлттық әдебиетке деген сүйіспеншілігін нығайтуға бағытталды.
Бейнеу Оқу-әдістемелік-орталығы
«Тәуелсіздік — ата-баба аманаты» атты көрме
2025 жылғы 15 желтоқсанда мектеп кітапханасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік – ата-баба аманаты» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты — оқушыларға Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу жолын, ел тарихындағы маңызды оқиғаларды, Тәуелсіздік жолында қызмет еткен тарихи тұлғаларды таныстыру, елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезім қалыптастыру.
Көрмеге Тәуелсіздікке қатысты тарихи құжаттар, Елбасы және Президент туралы кітаптар, фотосуреттер, дәйексөздер мен өлеңдер қойылды.
#тәуелсіздіккүні
#адал_азамат_біртұтас_тәрбие
2025 жылғы 24 қараша күні «Бейнеу мектеп-интернаты»КММ кітапханасында «Ұлы есімдер ізімен» атты танымдық көрме ұйымдастырылды. Көрме Шоқан Уәлиханов, Міржақып Дулатұлы, Жұмекен Нәжімеденов сынды ұлт тұлғаларының өмірі мен шығармашылығын насихаттауға арналды.
Көрмеде тұлғалардың кітаптары, фотосуреттері, дәйексөздері мен қысқаша өмірбаяндары қойылды.
Көрмеге оқушылар мен кітапхана қызметкерлері қатысты. Көрме оқушылардың тарихи танымын арттырып, ұлт тұлғаларына деген қызығушылығын оятты.
Қорытынды: Көрме өз мақсатына жетті, оқушылар белсенділік танытты.
Мектеп кітапханасында 25 қазан — Республика күніне орай «Қазақстаным — қарашаңырағым» атты көрме ұйымдастырылды.
Көрме мектеп оқушыларына таныстырылып, сұрақтарға жауап берілді.
Көрменің мақсаты — Тәуелсіз Қазақстанның егемендік алғаннан кейінгі қалыптасу тарихымен таныстыру, сондай-ақ еліміздің қоғамдық-саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани өміріндегі оң өзгерістерді кеңінен насихаттау, қоғам алдындағы жоғары жауапкершілік, патриотизм мен Қазақстан азаматтарының бірлігін көрсету.
Кітап көрмесінде мемлекет және құқық тарихы, Қазақстанның құқықтық және демократиялық мемлекет ретінде қалыптасуы туралы әдебиеттер, сондай-ақ еліміздің егемендік тарихындағы айтулы сәттерді баяндап, өткен тарихымыздың жарқын жақтарын көрсететін мемлекеттің құрылу кезеңдеріне сәйкес материалдар ұсынылған.
Мектеп кітапханасында ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай кітап көрмесі жасақталды. Оқырмандар назарына ақынның бірқатар кітаптары, кинолента арқылы шығаралары, дәйекті сөздер және ақынның суреттері,QR арқылы шығармалары ұсынылды. Пазл түрінде сұрақтар берілді. Көрме ойшылдың ұлт мәдениетіне қосқан өлшеусіз үлесін танытып, жас ұрпақты адамгершілікке, рухани-мәдени құндылықтарға баулуға бағытталды.
Мақсаты: Қазақтың дара да дана ақыны Абай бейнесін толық аша отырып, оқушылардың бойында ақын шығармашылығына деген қызығушылықты ояту, ақын айтқандай «дүниенің кірпіші болып, кетігін тауып қалана білуге» баулу.
#адал_азамат_біртұтас_тәрбие
#оқуғақұштармектеп
#балаларкітапханасы
“Бейнеу мектеп-интернат”КММ-нің кітапханасында “Өз әлеміңді кітаппен көркемде ” атты көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты – оқырмандарды кітапханаға жаңадан түскен әдебиеттермен таныстыру, кітап оқуға қызығушылығын арттыру және оқырман мәдениетін қалыптастыру.
• Кітапхана қорына қосылған жаңа басылымдарды насихаттау;
• Оқырмандардың ақпарат алу көкжиегін кеңейту;
• Жаңа әдебиеттер арқылы білімге, ізденіске ынталандыру;
• Оқушыларды әдебиеттің түрлі жанрларымен таныстыру;
• Кітапхана мен оқырман арасындағы байланысты нығайту.
#адал_азамат_біртұтас_тәрбие
#оқуғақұштармектеп
#балаларкітапханасы
Жаңа кітаптар жарнамалау
“Бейнеу мектеп-интернат”КММ-нің кітапханасында “Өз әлеміңді кітаппен көркемде ” атты көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты – оқырмандарды кітапханаға жаңадан түскен әдебиеттермен таныстыру, кітап оқуға қызығушылығын арттыру және оқырман мәдениетін қалыптастыру.
•Кітапхана қорына қосылған жаңа басылымдарды насихаттау;
•Оқырмандардың ақпарат алу көкжиегін кеңейту;
•Жаңа әдебиеттер арқылы білімге, ізденіске ынталандыру;
•Оқушыларды әдебиеттің түрлі жанрларымен таныстыру;
•Кітапхана мен оқырман арасындағы байланысты нығайту.

Мектеп кітапханасында «1-мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі күні» мерекеге орай, 1-мамыр ынтымақ достық кепілі атты көрме жасақталып, оқушылар арасында тақпақтар айтылды. Көрмемен таныстыру жұмыстары жүргізілді.
Мақсаты: 1 – мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін оқушыларға жеткізу; Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Біздің елімізде тұрып жатқан басқа да халықтардың озық мәдениетін, өзіндік үлгі – өнегесін оқушылардың бойына сіңіру.



«Балалар кітапханасы» жобасы аясында оқушылардың көктемгі демалысын тиімді өткізу мақсатында «балаларды кітап оқуға үйрету » атты іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында оқушыларға классик ақын-жазушылардың еңбектері таныстырылып, шығармашылықтары туралы мәліметтер берілді. Түрлі ертегі кітаптар оқып, оқыған кітаптары туралы әңгімелеп, түсінгендерін интербелссенді тақтаға түсірді.
Шара соңында оқушылар каникулда кітап оқуға көптеген кітаптар алды.
Мақсаты Балалардың ой-өрісін дамытып, кітап оқуға қызығушылығын арттыру.


2 сәуір Халықаралық балалар кітабы тақырыбында мектеп оқушылары арасында
кітапханаға саяхат өтті. Кітаптың шығу тарихы тағы басқада түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, сұрақтарына қанағаттанарлық жауаптарын алды.
Мақсаты: оқушыларға кітаптың адам өміріндегі маңызы, кітаптың және балалар кітап күнінің шығу тарихымен таныстыру, кітапқа деген қызығушылығын арттыру, білімге деген құштарлығын ояту, кітапты сүюге, таза ұстауға тәрбиелеу.


“Бейнеу мектеп-интернаты”КММ-де
«Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру аясында 5 сынып оқушысы Жалғас Әсел Айсақызы «Менің үй кітапханамдағы кітап» атты үй кітаптарды таныстыру
Максаты: білім алушылардың оқу сауаттылығын және кітап оқуға қызығушылығын арттыру.


“Бейнеу мектеп-интернаты”КММ-де
«Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру аясында 6 сынып оқушысы Рысбай Аида Бақытжанқызы «Менің үй кітапханамдағы кітап» атты танысуы өткізілді.
Максаты: білім алушылардың оқу сауаттылығын және кітап оқуға қызығушылығын арттыру.


«Бейнеу мектеп-интернаты» КММде 2024-2025 оқу жылын 120 оқушымен бастады. Барлық сыныпта оқулық жеткілікті. Барлық сынып оқушылары 2017-2024 жылғы жаңа оқулықтармен қамтылған.
Жоспар бойынша 1-11 сынып оқушыларының қолындағы оқулықтардың жағдайын тексеру бойынша кітапхана меңгерушісі А.Ділманова және кітапханашы Г.Досатова және кітапхана активтерінің қатысуымен «кітапханада кітап емдеу» рейд жүргізілді. Тексеру барысында оқулықтардың жай-жапсарын, тазалығын және бүтіндігін тексердік. Кітап емдеу барысында жыртылған кітаптарды желімдеу, кірлеген кітаптарды сүртіп тазарту жұмыстары жүргізіліп кітаптар түптелді. Балалардың кітапты күтіп ұстауына қатысты келесі қорытынды шығарылды: бастауыш сынып оқушыларының оқулықтар жағдайы қанағаттанарлық; орта буын оқушылары кітаптарына қамқорлықпен қарайды, кітаптарын ретке келтіру туралы балалардың кейбір санаттарына ескертулер жасалды. Сынып жетекшілері бұл мәселені бақылауға алды.
Рейдтің мақсаты-балаларға оқулықтарға дұрыс және ұқыпты қарауды үйрету.
Біз барлық оқушыларды мектеп оқулықтарын күтіп ұстауға шақырамыз. Оқулықтарды сақтай отырып, біз мемлекеттік мүлікті қорғауды үйренеміз және азаматтық тұрғымызды тәрбиелейміз!


«Бейнеу мектеп-интернаты» КММ-сі кітапханасында 25 қазан — Республика күніне орай көрмесі ұйымдастырылды. «Республика күні» – бірқатар мемлекеттердегі республиканың таптырмас атрибуты болып табылатын мемлекеттің республика болып жарияланған немесе елдің конституциясы қабылданған күні атап өтілетін ұлттық мереке.

Көрменің мақсаты — Тәуелсіз Қазақстанның егемендік алғаннан кейінгі қалыптасу тарихымен таныстыру, сондай-ақ еліміздің қоғамдық-саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани өміріндегі оң өзгерістерді кеңінен насихаттау, қоғам алдындағы жоғары жауапкершілік, патриотизм мен Қазақстан азаматтарының бірлігін көрсету.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің 1995 жылғы 18 қазандағы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Жарлығымен 25 қазан – Республика күні мемлекеттік мереке болып жарияланды. 2009 жылғы 22 сәуірде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңына бұл күнді мерекелеуді алып тастау туралы өзгертулер енгізілді. Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы маусымда Ұлттық Құрылтайдың отырысында мерекені қалпына келтіруді ұсынды.

Көрмеге мектебіміздің оқушыларына таныстырылып, көптеген мәліметтер берілді.

@birtutas_tarbie2024
#біртұтас_тәрбие
#біртұтас_тәрбие_маңғыстау
@oqu_agartu_ministrligi
@mangystau_obl_bilim_baskarmasy
@medetbekovameruert


2024 жылы қыркүйек айында «Бейнеу мектеп-интернаты»КММ-сі кітапханасында 5 қыркүйек А.Байтұрсыновтың туылған күніне жәнеде тіл мерекесіне орай, кітап көрмелері жасақталып, оқушыларға таныстырылып, түсіндірілім жұмыстары жүргізілді.
Тіл – халық тарихы, тіл – ұлттық қазына, тіл – біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз, барымыз. 1989 жылы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының тіл туралы заңы қабылданды. Ол 6 тарау, 22 баптан тұрады. Оның 4- бабында Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі делінген.
Мақсаты: Алаштың көрнекті қайраткері, ағартушы-ғалым, ұлт ұстазы, әліппенің атасы, қоғам қайраткері, ақын, әдебиеттанушы, лингвист, аудармашы, публицист Ахмет Байтұрсынов туралы кеңінен таныту. Өмір және еңбек жолын әңгімелеу, үлгі болар өнегесін жас ұрпаққа паш ету. Оқушыларға мемлекеттік тілді білудің маңызы жайлы айту және оны құрметтеуге үйрету,өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтап,ой-өрісін,білім деңгейін кеңейту.

 


Кітап-адамзат ақыл-ойының інжу-маржанын бойына жинайды да, оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізеді.
«Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» деп ойшыл Абай Құнанбаев атамыз айтып кеткендей, түйсігі бар әрбір адамдар үшін ғылым мен білімнің қайнар көзі кітапта екенін ұғамыз.
Мектебіміздің кітапхана қорына қосылған жаңа әдебиеттерді оқырмандарға таныстыру, насихаттау, кітап оқу мәдениетіне тәрбиелеу мақсатында жаңа әдебиеттер көрмесі ұйымдастырылды. «Жаңа кітаптар әлемінде атты тақырыпта көрмеге тарихи және көркем әдеби кітаптар, балалардың ой-өрісін дамытатын түрлі-түсті суреттермен безендірілген кітапшалар, балаларды адамгершілікке, Отан сүйгіштікке, еңбекқорлыққа баулитын өлең- тақпақтар, ертегілер, әңгімелер, балалардың тілін дамытатын жұмбақ- жаңылтпаштар, әртүрлі ойындар берілген кітапшалар мен танымдық әдебиеттер қойылды.
Кітап көрмесімен мектеп оқушылары танысып, 7-сынып оқушылары арасында оқыған кітаптарынан үзінді айтып, басқада оқушыларды кітап оқуға шақырды.
Құрметті кітап сүйер қауым! Сіздерді «Жаңа кітаптар әлемінде» көрмесімен танысуға, кітап оқуға шақырамыз! Сіздер үшін кітапхана есігі әрдайым ашық.
«Бейнеу мектеп-интернаты»КММ-нің 2023-2024 оқу жылының аяқталуына байланысты оқулық жинау науқаны:


22 мамыр 1-4-сынып
23 мамыр 5-9-сынып
24 мамыр 10-11-сынып

9-мамыр Жеңіс күні

Мектеп кітапханасында 9 Мамыр – Ұлы Жеңіс күніне арналған «Ерлер жердің қорғаны, елдің тұтқасы» атты кітап көрмесін ұйымдастырылып, мектеп оқушыларына таныстырылды. Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке – бейбітшіліктің және қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын дәлелдейтін, Отанын қорғаған жауынгерлер мен офицерлердің айбынын, Жеңісті жақындатқан тыл еңбеккерлерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ.

Оқушыларымыздың Отанына, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Елін. Жерін қорғауға тәрбиелеу. Ұлы Жеңіс күні – бейбітшілік пен жасампаздықтың асыл құндылығымыз.

Біздің азаматтық парызымыз – бұл күнді мәңгілік есте сақтау, отанды сүю, елдің, жердің адал перзенті болу.


23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күні

Осы мерекеге орай, мектеп кітапханасында «Кітап-тарих, шежіре!» атты кездесу кеші өтті.

Кездесуге ауылдың еңбек ардагері, өскелең ұрпаққа берер тағлымы мол үздік оқырман Қалдыбаев Саламат атамен бірқатар ардагер ұстаздар келді.

Кездесудің мақсаты: Көпшіліктің назарын оқуға, кітапқа аудару, оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру

Кітап – адамның жан-дүниесінің асыл қазынасы, рухани байлықтың өлшемі, Ол – адамзат үшін ғасырдан ғасырларға жалғасып қызмет етіп келе жатқан ғылым мен өнердің, соның ішіндегі сөз өнерінің туындысы, ғалым адам мен қаламгердің жемісі.

Cол рухани өлшем мен адам ақыл-ойының ажырамас тұнығындай болып көрініс тапқан кітап енді өзін оқыған, пайдаланған адамға да қызмет ете отырып, сол жанды да рухани тұрғыдан байытады, білім-білігін ұштайды, сенімді серігі, ажырамас досына айналады деген сенімдемін.

#дүниежүзіліккітапкүні #оқуғақұштармектеп


«Бейнеу мектеп — интернаты»КММ-сінің 8-сынып оқушысы Сатыбалды Жанна көктемгі каникул кезінде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Қазақсан Республикасы Оқу — ағарту министрлігі бекіткен «Тоғыз айға – тоғыз іс-шара» атты тұжырымдамасын іске асыра отырып, қазақ әдебиетіне зор үлес қосқан суреткер, қоғам қайраткері Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Қан мен тер» романын оқып шықты. Тек оқып қоймай, өзінен кейінгі жеткіншектерге оқыған кітабы туралы қысқаша бейне-ролик түсірді.

Мақсаты:оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арта түсіріп, қаншалықты кітап оқитындарын анықтау. Оқушы бойында өз бетімен кітап оқып білім алуға дағдыландыру, білімнің кітапта екенін ұғындыру, кітапты оқуға бағалауға тәрбиелеу.

#меніңсүйіктікітабым

#көктемгіканикул

#оқуғақұштар


«Бейнеу мектеп-интернаты» КММ-сі кітапханасында 28 наурыз күні «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Әбдіжәміл Нұрпейісовтың «Қан мен тер» романы бойынша «оқы, баянда, талда, қорытындыла» атты шара өтті. Бұл шараға 8-9 сынып оқушылары мен ұстаздар қатысты. Мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Атшыбаева Қамажай Нұржаубайқызы «Қан мен тер» романынан түйгенін, алған әсерін көпшілік алдында бөлісіп, алдағы уақытта осы кітапты алып оқуға кеңес берді. Осы орайда мектебіміздің үздік оқырмандарының бірі 5 – сынып оқушысы Рысбай Аида «Қан мен тер» романын оқып, одан түйгенін ортаға салып, көрермендерді тәнті етті.

Мақсаты: Қазақсан Республикасы Оқу — ағарту министрлігі бекіткен «Тоғыз айға – тоғыз іс-шара» атты тұжырымдамасын іске асыра отырып, оқырмандардың назарын әртүрлі жанрдағы әдеби шығармаларға аудару, оқырмандардың зияткерлік қабілеттерін дамытуға бағыттау.

#меніңсүйіктікітабым

#көктемгіканикул

#оқуғақұштар


«Бейнеу мектеп-интернаты»КММ кітапханасында «6-наурыз Кітап күні» мерекесіне орай, «Мәдениеттің мәйегі — кітап» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Жыл сайын тойланатын кітап мерекесінің басты мақсаты жас оқырмандарды рухани азық көзі-кітап әлемімен таныстыру, балаларды көркем әдебиет оқуға шақыру, адам өміріндегі кітаптың алар орны ерекше екенін түсіндіру. Кітап көрмесі 6-7 сынып оқушыларына насихатталып көрмедегі әдебиеттерге кітапханашы Гаухар Досатова шолу жасады. Көрме барысында ұсынылған әдеби кітаптан кітап оқуға қызыққан оқушылар өздеріне үйге оқуға кітаптар алды.


Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың туылғанына 130 жыл. Осыған орай «Бейнеу мектеп-интернат» КММ-сі кітапханашыларының ұйымдастыруымен кітапханада мұғалімдер арасында «Wordwall» программасымен викториналық сұрақтар мен қызықты ойын ұйымдастырылды. Бұл ойында Мағжан Жұмабаев туралы толық мәлімет қамтылды. Шығармалары, өлеңдері т.б. сұрақтармен қамтылған тест тапсырмалары берілді. Шара қызықты өтті. Мұғалімдер ризашылығын білдіріп, оқушылар арасында ұйымдастыруға ұсыныс білдірді.


Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі әзірлеген «Тоғыз айға 9 іс-шара» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында мектеп кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында оқушылар арасында челлендж ұйымдастырылды.

Мақсаты: Оқушылардың оқу мәдениетінің деңгейін және олардың оқу белсенділігінің өсуін арттыру; жас ұрпақ бойында азаматтық, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру; оқушылар, педагогтер және ата-аналар арасында оқуды танымал ету үшін жағдай жасау. «Оқуға құштар мектеп» челленджі Қазіргі уақытта білім беру және мәдени саясаттың жалпыұлттық міндеті – білім білім алушыларды көркем әдебиетті оқуға тарту, оқу мәдениетін дамыту және кітап оқудың құндылық ретінде беделін арттыру. Көркем әдебиетті оқу – еркін сөйлейтін, ойын дұрыс жеткізетін, сауатты жазуға қабілетті ақыл-ойы дамыған, рухани адамгершілік тұрғыдан жетілген тұлғаны қалыптастыру.


Мектеп кітапханасында «Ғасыр ақыны» Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев туғанына 93 жыл толуына орай, көрме жасақталып, оқушыларға таныстырылып, мәлімет берілді. Оқушылар арасында ақынның өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтты.
Мақсаты: Ғасырлар тоғысында ғасыр ақыны атанған Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне, жалпы сөз өнеріне деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыру.
Оқушыны сөз мәдениетін дұрыс меңгеріп, жырларды мәнерлеп оқуға, өлеңді өміріне серік еткен ақынға еліктеп ақынжанды болып өсуіне кең жол ашу, рухани танымын кеңейту.
Туған халқының талантты ақынына , әдебиетіне, туған еліне деген сүйіспеншілік сезімін оятып, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: « Мұқағали – ғасыр ақыны!», ақын кітаптарынан көрме,портреттер,ақын шығармашылығына арналған буклеттер


«Бейнеу мектеп-интернаты» КММ-сі

2024 жылдың 22 қаңтар күні Сағадат Нұрмағамбетов пен Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жыл толуына орай, өмір жолы мен еткен еңбектері және көрсеткен батырлықтары жайлы мектеп кітапханасында арнайы бұрыш жасақталып, оқушыларға таныстырылды. Батырлар туралы қосымша бейнероликтер көрсетілді.

Мақсаты: батыр бабаларымыздың ерліктерін еске алып, келер ұрпаққа жеткізу, оқушылардың бойына адалдықты сіңіруге және отансүйгіштікке тәрбиелеу.


«Оқуға құштар мектеп»
жобасын іске асыру мақсатында қысқы демалыс кезінде
«Қыcта кітап оқимыз, жадымызға тоқимыз» кітап оқу акциясы жалғасуда
Кітап-адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы. Білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін –тәрбие құралы. Абай атамыз «Танымның бар тамшысы — кітапта, оған қол жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа», «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге» деп насихаттайды.
Бейнеку мектеп-интернаты оқушылары арасында «Кітаппен өткен демалыс күнім қызықты» атты демалыс уақытында балаларды кітап оқуға тарту мақсатында акция ұйымдастырылды
Мақсаты: оқушылардың оқу белсенділігінің сапасын арттыру, балалардың мәдени және оқу құзіреттілігін және сөздік қорын байыту;
оқушылардың есте сақтауы мен қиялын дамыту, сондай-ақ жас ұрпақ бойында жоғары азаматтық және рухани адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру.
Акция барысында оқушылар демалыс уақытын тиімді іспен, кітап оқумен өткізгендіктері туралы әңгімеледі.
Оқушылар оқыған кітаптары туралы алған әсерлерін және ойларын бөлісті.


«Бейнеу мектеп-интернат»КММ кітапханасында Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына — 130 жыл толуына орай «Ақынның есімі – халықтың есінде» атты шара өткізілді.
Мақсаты: Ақын шығармалары арқылы әдеби – теориялық білімдерін, өзіндік ой пікірін жүйелі жеткізуін, ойлау, салыстыру қабілеттерін дамыту. Оқушыларды ұлттық патриотизмге , оқу-білімнің маңызын түсіне білуге, жеке тұлға ретінде қалыптасуға тәрбиелеу.
Оқушыларға ақынның аз ғана өмір сүргені туралы ,сол аз ғұмырда көптеген шығармаларынан, еңбектерінен терең тәрбиелік мағына беру.

«Бейнеу мектеп-интернаты»КММ-сі кітапхана қызметкерлері мен сынып жетекшілер және де ата-аналар қолдауымен «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру мақсатында күзгі демалыс кезінде «Күзде жалықпаймыз, кітап оқимыз» атты кітап оқу, «буктрейлер» оқыған кітабын насихаттау жұмыстары жүргізіліп отырады.
Мақсаты: Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыру, кітап оқуға ынтасын арттыру, көпшілік алдында өз ойын еркін жеткізуге, тіл байлығын арттыруға ықпал ету.
#Күздебізжалықпаймызкітапоқимыз
#Оқуғақұштармектепкүзгідемалыста


«Отбасымен кітап оқимыз» кітап оқу акциясына
а қ п а р л а м а
«Бейнеу мектеп-интернаты»КММ-сінде «Оқуға құштар мектеп жобасы» аясында «Біз отбасымен кітап оқимыз» атты кітап оқу акциясы өткізілуде. Акцияға бірнеше отбасы атсалысып, керемет нәтиже көрсетті.
Мақсаты: Баланы терең ой мен саналы білімге жеткізуге кітаптың алатын орны ерекше екенін түсіндіру, кітапты таңдай, оны оқып баланың жүрегіне жеткізудегі ата-ана рөлі. Ата-ана бала арасындағы кітап жайлы көзқарастарын білу, қоғамға парасатты биік азамат тәрбиелеудегі кітаптың алатын орны туралы әңгімелесу.
Жанұямен кітап оқу дәстүрін қайта жаңғыртуда, адамзаттың ой-өрісін, шығармашылық, әлеуметтік белсенділігін арттырудың қуатты құралы болып табылатын кітап оқудың отбасылық құндылыққа айналдыру. Отбасындағы балалардың жан-дүниесінде рухани ізгілікті қалыптастырып, кітап оқуға деген қызығушылығын ояту. Бүгінде өз алдына тәуелсіздік алып, егеменді ел, дамыған өз жолы бар мемлекет атанған Қазақстан Республикасы өз ұл – қыздарын, халық арасынан шыққан дана ғұламалары мен ақындарын, батырлары мен дүл-дүл шешендерін, кейінгі ұрпаққа жеткізіп, танытып отырады.
Балаларды кітап оқуға тартуға әсер ететін ең маңызды әрі басты институт ол – отбасы. Балалардың кітап оқуға деген көзқарасы, олардың оқырмандық мәдениетінің артуы көп жағдайда ересектерден алған үлгіге байланысты.


«Бейнеу мектеп-интернаты»КММ кітапханасы «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында оқырман назарына «Жаңа кітаптар» виртуалды көрме-презентациясын ұсынды.
Кітап-адамзат ақыл-ойының інжу-маржанын бойына жинайды да, оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізеді, дәл бір темір мен тастан қашалып жасалған ескерткіштердей, ғасырлар бойына сақталады.
«Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» деп ойшыл Абай Құнанбаев айтып кеткендей, түйсігі бар әрбір адамдар үшін ғылым мен білімнің қайнар көзі кітапта екенін ұғамыз.
Кітапханада жаңа әдебиеттерді оқырмандарға таныстыру, насихаттау, кітап оқу мәдениетіне тәрбиелеу мақсатында «Жаңа кітаптар» атты жаңа әдебиеттер көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге тарихи және көркем әдеби кітаптар, балалардың ой-өрісін дамытатын түрлі-түсті суреттермен безендірілген кітапшалар, балаларды адамгершілікке, Отан сүйгіштікке, еңбекқорлыққа баулитын өлең- тақпақтар, ертегілер, әңгімелер, балалардың тілін дамытатын жұмбақ- жаңылтпаштар, әртүрлі ойындар берілген кітапшалар мен танымдық әдебиеттер қойылды. 2021жылы «Мазмұндама» баспасынан шыққан қазақ тіліндегі аудармалары барлық оқырмандардың қызығушылығын арттырып отыр. Мектеп жасындағы балалардың оқуына арналған кітаптар: М.Твен. Том Сойердің басынан кешкендері, К.Дойл. Шерлок Холмстың басынан кешкендері, Гриммдер. Ертегілер жинағы, Е.Бөрнетт. Құпия бақ, К.Льюис. Алиса ғажайыптар елінде, К.Дойл.Жоғалған әлем, Э.Несбит.Теміржол бойындағы балалар т.б. Мұғалімдердің оқуына ұсынылатын кітаптар: К.Дуэк. Ойлау, Д.Клир. Атом әдеттер, Э.Роббинс. Бойындағы алыпты оят, А.Дакуорт. Табандылық, Р.Баумайстер. Ерік-жігер тағы да басқа көркем әдебиеттер таныстырылды.
Көрменің мақсаты – жаңа түскен кітаптармен оқырман қауымды таныстырып, кітап оқуға баулу, бос уақыттарын тиімді өткізуге түрткі болу.

Құрметті кітап сүйер қауым! Сіздерді «Жаңа кітаптар» көрмесімен танысуға, кітап оқуға шақырамыз! Сіздер үшін кітапхана есігі әрдайым ашық.

«Бейнеу мектеп — интернаты»КММ-сі кітапханасында

23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне» орай, ұстаздар арасында «BOOK TASTE» кітап кафесі ұйымдастырылды. Шараға мектебіміздің бірқатар ұстаздары қатысты. Шара өте әсерлі, қызықты өтті. Ұстаздар өздерінің ұсыныстарын, толықтыруларын айтты. Ендігі кезекті оқушылар арасында өткізуді жоспарлап отырмыз. Кітап оқуға деген қызығушылығы артады деген мол сенімдеміз.

#оқуғақұштармектеп


Халықаралық кітап сыйлау күніне орай, Ақпан айының 14-28 күндері аралығында, мектеп кітапханасында «Жәдігерлер жалғасы-ұрпаққа мұра» атты «кітапханаға кітап сыйла» акциясы өтті. Кітап мәртебесін көтеру мен жастарға кітап оқуды насихаттау мақсатында бұл ұйымдастырылған акция барысында кітапханаға бірқатар кітап сыйға тартылды.

Шараға қатысып, кітап сыйлаған зиялы қауым өкілдері ұрпаққа қалдырар ең үлкен мұра – кітап екендігін, өткеннің рухы, келешектің кілті, мәдениеттің биік шыңы да осы кітапта жатқандығын айтып, жастарды кітап оқуға, сол арқылы білімдерін жетілдіруге шақырды.

Барша қатысушыларға акцияға атсалысып, кітапханасының қорына сыйға тартқан кітаптарыңыз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз. Сіз сыйлаған әрбір кітап өз оқырманын табатынына сенімдіміз!


Кітап — адамзат ақыл — ойының інжу — маржанын бойына жинайды да, оларды ұрпақтан — ұрпаққа жеткізеді, дәл бір темір мен тастан қашалып жасалған ескерткіштердей ғасырлар бойына сақталады.

«Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» деп ойшыл Абай Құнанбаев атамыз айтып кеткендей, түйсігі бар әрбір адамдар үшін ғылым мен білімнің қайнар көзі кітапта екенін ұғамыз.

Мектебіміздің кітапхана қорына қосылған жаңа әдебиеттерді оқырмандарға таныстыру, насихаттау, кітап оқу мәдениетіне тәрбиелеу мақсатында жаңа әдебиеттер көрмесі ұйымдастырылды. «Жаңа кітаптар», «Заманауи кітапхананың алтын қазынасы», «Балаларға базарлық» атты тақырыптардан құралған көрмеге тарихи және көркем әдеби кітаптар, балалардың ой — өрісін дамытатын түрлі — түсті суреттермен безендірілген кітапшалар, балаларды адамгершілікке, Отан сүйгіштікке, еңбекқорлыққа баулитын өлең — тақпақтар, ертегілер, әңгімелер, балалардың тілін дамытатын жұмбақ — жаңылтпаштар, әртүрлі ойындар берілген кітапшалар мен танымдық әдебиеттер қойылды.

Мектебімізде «COWORKING орталығы» ашылды. Балалардың еркін кітап оқуына мол мүмкіндік бар.

«Оқуға құштар мектеп» бұрышына QR код арқылы оқуға электронды нұсқада дайындалды. Сондай — ақ бейнероликте жасақталып ұстаздармен оқушылар чаттарына салынып, әлеуметтік желілерге жарияланды.

Құрметті кітап сүйер қауым! Сіздерді «Жаңа әдебиеттер» көрмесімен танысуға, кітап оқуға шақырамыз! Сіздер үшін кітапхана есігі әрдайым ашық.

#Оқуғақұштармектеп

#Жаңакітаптарғашолу