“Кәсіби шеберлік” атты аудандық көркем еңбек пәні мұғалімдерінің тәжірибе алмасу көрме-байқауында “Тоқыма бұйымдарын дайындау” номинациясы бойынша “Бейнеу мектеп- интернаты” КММ-нің көркем еңбек пәні мұғалімі Болысбаева Қамар I дәрежелі дипломмен марапатталды.
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Математикалық регата» облыстық олимпиадасында Джыкинбаева Айнұр III дәрежелі дипломмен марапатталды.
Ел тәуелсіздігінің 35 жылдық мерейтойына орай құрылған “Ауылға сапар” жобасы аясында Сарға ауылының жастарына арнап өткізілген “Серпін” спорттық (тимбилдинг) сайысынан “Бейнеу мектеп — интернат” КММ-сі II дәрежелі дипломмен марапатталды.
«Сыныппен бірге» сынып жетекшілерге арналған аудандық байқауында «Ерекше жетістікке жеткені үшін» Бозжігітова Гүлбаршын Құдайбергенқызы марапатталды.
🏅Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 37 жылдығына арналған мекемелер арасында волейболдан «Үздік қорғаушы» номинациясымен Қалдыбаев Нұрхан марапатталды.
🏅16 желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне орай футзалдан +40 ардагер мұғалімдер арасындағы облыстық турнирде II орын алған Қалдыбаев Нұрхан марапатталады.
🏆🥇16 желтоқсан — Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған 40 жастан жоғары арасында өткен дойбыдан аудандық жарыста Қалдыбаев Нұрхан I орынмен мараптталды.
Қалиев Мақсот атындағы Математика пәні мұғалімдерінің аудандық олимпиадасында Математика пәні мұғалімі Малбасов Ғалымжан 3-ші дәрежелі дипломмен марапатталды
«Үздік тарих және құқық пәні мұғалімі» облыстық олимпиадасының аудандық кезеңінде мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі Танатарова Жаннур Отаровна қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталды.

Мұғалімдердің «Семей полигонының Маңғыстау жеріне әсері» тақырыбындағы облыстық педагогикалық оқу байқауының аудандық кезеңінде тарих пәнінің мұғалімі Танатарова Жаннур Отаровна «Семей және Маңғыстау» номинациясы бойынша қатысып, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

«Өнер галереясы» атты аудандық көркем еңбек пәні мұғалімдерінің тәжірибе алмасу көрме байқауында мектебіміздің көркем еңбек пәні мұғалімі Болысбаева Қамар қатысып ІІІдәрежелі дипломмен марапатталды

2023 жылдың 4 желтоқсан күні өткен республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі»конурсында мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Сейсенбаева Ләззат І орынды иеленіп облысқа жолдама алды.Облыстық кезеңге жолдама алған әріптесімізге сәттілік тілейміз!

2023 жылдың 3 қараша күні Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық «Алтын тұғыр» олимпиадасының аудандық кезеңінен мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімдері Джикинбаева Айнур — I орын, Сейсенбаева Ләззат — II орынға ие болды
Бейнеу ауданы бойынша білім блімінің «Оқу — әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жылдық жоспарына сәйкес, қазақ тілі орыс тілі ағылшын тілі кабинеттерінің әдістемелік әлеуетін бағалау, заман талабына сай жабдықталған кабинеттердің жұмысын насихаттау мақсатында аудандық «Үздік тіл кабинеті» сырттай байқауы ұйымдастырылды. Байқауға мектебімізден орыс тілі мен әдебиетінің кабинет меңгерушісі Қаналиева Жанна Тугелбаевна қатысты. Байқау нәтижесі бойынша орыс тілі кабинеттері бойынша І орынды орыс тілі мен әдебиетінің кабинеті меңгерушісі Қаналиева Жанна Тугелбаевна иеленді. Жанна Түгелбаевнаны жеткен жетістігімен құттықтаймыз!
Әріптесімізге шығармашылық табыстар тілейміз!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
2023 жылдың 12-13 сәуір күні «Бастауыш сынып мұғалімдерінің аудандық олимпиадасы» өткізілді. Педагогтің кәсіби мәртебесін арттыру және кәсіби қызметте жоғары жетістіктері бар шығармашыл педагогтерді көпшілікке таныту. Байқауға мектебімізден бастауыш сынып мұғалімі Джыккинбаева Айнұр қатысты. Байқау қорытындысы бойынша, әріптесіміз А.Джыккинбаева ІІ жүлделі орынға ие болды. Айнұр әріптесімізді құттықтай отырып, жұмысына сәттілік пен мол табыс тілейміз!
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
Бар тіршіліктің тұтқасын ұстап тұрған аналар, мейірімді әжелер, әдемі арулар!
Әрқашанда шаңырақтарыңыздың берекесі болып, жүздеріңізден нұр шашып жүре беріңіздер. Сіздерге зор денсаулық пен баянды бақыт тілейміз!
Мереке қарсаңында әріптестеріміз мектеп кітапханашысы Ділманова Айнагүл мен мектеп психолгы Жетпісова Ләйла Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Әріптестерімізді марапаттарымен құттықтаймыз!
МАРАПАТТАУ
1 НАУРЫЗ-Алғыс айту мерекесіне орай, мектебіміздің ұстаздары, білім саласының өркендеу жолында қызмет етіп, жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі еңбектері үшін қазақтілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бозжігітова Гүлбаршын Құдайбергенқызы мен математика пәні мұғалімі Жұмабаева Іңкәр Жәмекқызы Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды. Әріптестерімізді құттықтай отырып, табыс, береке, жетістіктер тілейміз!

ОЛИМПИАДА
2022 жылдың 9 — ақпанында Бейнеу ауданы Манашы орта мектебінде тілші мұғалімдері арасында «Тілші мұғалімдер» олимпиадасының аудандық кезеңі өтті.
Педагог кәсібінің мәртебесін арттыру және кәсіби қызметте жоғары жетістіктері бар шығармашыл педагогтерді көпшілікке таныту мақсатында өтетін олимпиада жыл сайын дәстүрлі түрде жалғасын табуда.
Осыған орай мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бозжігітоава Гүлбаршын олимпиаданың аудандық кезеңіне қатысып ІІІ орынды иеленді. Гүлбаршынды құттықтай отырып, шығармашылық табыстар тілейміз!
ДИПЛОМ
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы Маңғыстау отбысы бойынша даму институтының ұйымдастыруымен мұғалімдер арасында байқау ұйымдастырылды. Нәтижесінде «Педагогикалық идеялар панорамасы» Республикалық байқауының аймақтық Кезеңінің «Бастауыш сыныптар мұғалімі» аталымында жүлделі І орын иеленген СЕЙСЕНБАЕВА ЛӘЗЗАТ АЙТБАЙҚЫЗЫ марапатталды.
Әріптесіміз, Ләззат Айтбайқызы, сізді жетістігіңізбен құттықтаймыз!
Жұмысыңызға табыс пен сәттілік тілейміз!

Ұстаздар мерекесіне орай, Білім беру саласының өркендеу жолында қызмет етіп, жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі еңбектері үшін мектебіміздің тәжірибелі ұстаздары марапатталды. «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасымен «Бейнеу мектеп-интернаты» КММ-нің тарих пәні мұғалімі Танатарова Жаннур Отаровна және биология пәнінің мұғалімі Ихласова Куралай Избергеновна марапатталды. Әріптестерімізді шын жүректен марапаттауларымен құттықтаймыз! Сіздердің жоғары біліктіліктеріңіз, педагогикалық таланттарыңыз үшін шын жүректен алғыс айтамыз! Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілейміз! Оқушыларға білім мен тәрбие берудегі күш-қуаттарыңыз таусылмасын!
«Бейнеу мектеп-интернаты» КММ-нің мұғалімдері Ұстаздар мерекесінде аудандық және облыстық марапаттармен марапатталды.
Облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен Бурина Нұрбибі, облыстық білім басқармасының Алғыс хатымен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Атшыбаева Қамажай, аудандық білім бөлімінің Алғыс хатымен АӘДжТ пәнінің мұғалімі Көбеншеев Нұрбол марапатталды. Әріптестерімізді марапаттарымен құттықтаймыз! Шығармашылықтарына табыс тілейміз!














































