16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай мектебімізде «Тұғыры биік тәуелсіздік» тақырыбында мерекелік шара өткізілді.
Мерекелік бағдарламаның мақсаты — жас буынды егемендік жылдарындағы жетістіктерімізбен таныстырып, олардың бойындағы патриоттық құндылықтарды дамыту.
Шара барысында оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, көрермен көзайымына айналды. Тәуелсіздік тақырыбындағы әндер мен күйлер орындалып, өлеңдер оқылды.
