«Бейнеу мектеп — интернаты» КММ «Мұғалімнің шеберліктерін инновациялық үдерісте шыңдау» тақырыбындағы мектепішілік семинар мен «Оқуға құштар» мектеп жобасының жоспарына сәйкес ұстаздар арасында «Кітап оқыған тиімді ме, әлде ғаламтор пайдалы ма?» тақырыбында дебат өткізілді. Мақсаты: екі түрлі көзқарасты салыстыру, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсету арқылы тыңдаушылардың және қатысушылардың көзқарастарын кеңейту. Кітап пен ғаламтордың артықшылықтарын көрсету. Кітап оқу арқылы, білімді тереңдетуге, ойды жүйелеуге және шығармашылық қабілетті дамытуға көмектесетінін, ал ғаламтордың ақпаратқа жылдам қол жеткізу, түрлі көзқарастарды талдауда мүмкіндіктер беретінін көрсету. Дебат барысында әрбір қатысушы өз пікірін дәлелдермен ұсынып, тыңдаушылардың не кітап, не ғаламтор арқылы өз білімін кеңейту жолын таңдауына ықпал етті.
