Сенбілік

«Бейнеу мектеп-интернаты» КММ-нің ауласын абаттандыру және тазалау мақсатында сенбілік ұйымдастырылды.
Сенбілік барысында ұжым мүшелері бірлесе отырып, мектеп ауласын қоқыстан тазалап, айналаны ретке келтірді. Ағаштардың түбі қопсытылып, құрғақ жапырақтар жиналып, аумақтың көркеюіне ерекше көңіл бөлінді.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты — қоршаған ортаны таза ұстау, еңбекке деген құрметті арттыру және ұжымдық бірлікті нығайту. Сенбілік нәтижесінде мектеп ауласы тазарып, жаңарып, баршаға жайлы әрі көрікті орта қалыптасты.