2024 жылдың 6 мамыр күні Бейнеу мектеп-интернатының 8, 9-сынып оқушыларына 7 мамыр-Отан қорғаушылар күніне орай Кеңес Одағының батыры, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовке арналған іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты: С.Нұрмағамбетовтың өмір жолынан мәлімет беру, ерліктерін насихаттау, оқушыларды патриот болуға, ізденімпаздылыққа баулу, елін, жерін қорғай білуге ерлікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Іс-шара барысында оқушыларға арнайы бейнероликтер, фильмнен үзінділер, тақырыптық слайдтар көрсетілді. Оқушылар С. Нұрмағамбетов туралы көп ақпарат ала алды.




