❗️❗️Бүгін мектебімізде ұлттық өнердің жанашыры әрі терең зерттеушісі,
“Аманат” жыр жинағының, “Қоңыр өлең” атты ән, күй, жыр, терме жинақтарының авторы,
“Мәдениет саласының үздігі” Елдос Еміл Хабиболлаұлымен тағылымы мол кездесу өтті.
Уақыттың шектеулігіне қарамастан, бұл жүздесу мазмұны мен мағынасы терең, жүрекке жетер ойға толы болды. Өнер иесінің әрбір сөзі – өмірден алынған сабақ, әрбір ойы – ұрпаққа қалдырылған аманат іспетті әсер қалдырды.
Кездесу барысында ол отбасының беріктігі, туыстық қатынастың қадірі, ауылдың адам тәрбиесіндегі орны мен рухани құндылығы жайында тебірене сөз қозғады. Табиғатпен етене өскен ауыл өмірінің адам жанына берер тыныштығы мен тазалығы, ұлттық болмысты сақтаудағы маңызы ерекше аталып өтті.
Өнер мен өмірді ұштастырған бұл рухани жүздесу қатысушыларға ой салып, ұлттық құндылықтарды қадірлеуге, ата-бабадан қалған асыл мұраға адал болуға жетелеген тағылымды кездесу ретінде есте қалды.
