Мұғалім — мамандық, ұстаздық — қасиет. Яғни, ұстаз болу — адам бойындағы ұлы қасиеттердің бірі.

Мұғалім — мамандық, ұстаздық — қасиет. Яғни, ұстаз болу — адам бойындағы ұлы қасиеттердің бірі. Ендеше, осынау үлкен ұғымдағы ұстаздық қасиетке барынша адалдық танытып, бар саналы ғұмырын осы салаға арнаған, ұстаздарға қандай мақтау айтсақ та артықтық етпейді.
Ұстаздар күніне орай мектебімізде 4-қазан күні “Ұстаз деген-жарық күні ғаламның” атты мерекелік шара өтті.Шарамыздың басында мектеп директорының міндетін атқарушы Қалбаева Жанар Шүкірбайқызы барша ұстаздар қауымын төл мерекелерімен құттықтап,аудандық білім бөлімінің алғыс хатымен марапаттады.Осы орайда директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бурина Нұрбибі Кенжеғалиқызы “Дублер күніне”қатысып,белсенділік танытқан оқушыларға арнайы диплом табыс етті.Оқушылар мен ұстаздар мерекеге орай ақ тілегін білдіріп,меркелік көңіл-күй сыйлады.
Құрметі ұстаздар, Сіздерді мерейлі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, мықты денсаулық, шығармашылық табыстар мен ізденістер, ізгі махаббат пен жүректеріңізге мейірім тілейміз!