«Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» мерекелік шарасы.
19 наурыз күні мектебімізде көктемнің жарқын мерекесі – Наурыз мейрамы ерекше сән-салтанатпен аталып өтті. «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» атты мерекелік шара барша ұжымдастардың қатысуымен жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты – ұлттық салт-дәстүрлерімізді жаңғырту, халқымыздың мәдени мұрасын дәріптеу, рухани құндылықтарды насихаттау болды.
Мерекелік бағдарлама барысында ұжымдастар ұлттық киімдер киіп, қазақтың салт-дәстүрлерін сахналық көріністер арқылы көрсетті. Әсем әндер шырқалып, мың бұралған билер орындалды. Сонымен қатар, ұлттық ойындар ойнатылып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Шара аясында «Наурыз көже» ұсынылып, дастархан жайылып, ұлттық тағамдар ұсынылды. Бұл күн – бірлік пен татулықтың, жаңару мен жақсылықтың символы ретінде ерекше әсер қалдырды.
Осындай тағылымы мол шаралар адамдардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттырып, олардың рухани дамуына оң әсерін тигізеді.
