“Бейнеу мектеп-интернаты”КММ-сі каникул кезіндегі оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында жоспарға сәйкес, спорттық ұлттық ойындарымыздан асық ату, ләңгі тебу, тоғызқұмалақ сайыстары ұйымдастырылды.
Мақсаты: ұлттық ойын түрлерінің мазмұнын түсіндіре отырып, ата-бабамыздан бізге жеткен баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз ұлттық ойындар екендігін біліп жүруге үйрету, салауатты өмір салтын насихаттау.

