Аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар-өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі, шәкірттерінің сүйікті ұстазы. Жер бетіндегі жақсылық атаулы аналардың үлкен жүрегімен әрленеді десек, жылына бір тойланар мерекеде олардың еңбектерін бағалап, сый құрмет көрсету парызымыз деп ұққан шәкірттеріміз ұстаз – аналарға ерекше көңіл күймен өнерлерін тарту етіп, мерекелік көңіл күй сыйлады.
