“Үйрен. Қолдан. Дамы”

“Үйрен. Қолдан. Дамы” атты семинардың ашылу рәсімі аясында психологтың ұйымдастыруымен арнайы тренинг өткізілді. Тренингтің басты мақсаты – қатысушылар арасында жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру және өзара қарым-қатынасты нығайту болды.
Іс-шара барысында түрлі сергіту жаттығулары, топтық жұмыстар мен қызықты психологиялық тапсырмалар орындалды. Қатысушылар белсенділік танытып, өз ойларымен бөлісіп, жаңа тәжірибе жинақтады.
Бұл тренинг семинардың нәтижелі басталуына ықпал етіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Өткізген: мектеп психологы А.Қанжанова