Edutest.kz сайтында онлайн-тестілеу басталды

Edutest.kz сайты арқылы мектеп оқушылары онлайн-тестілеуге қатысуда. Оқушылар тестті дербес компьютер немесе ноутбук арқылы онлайн тапсырды. Сондай-ақ, бұл тест 3-11 сынып оқушылары арасында онлайн түрде жүргізіліп, сарапталып отыратын болады. Оқушылар тестті тест орталығы бекіткен пәндер бойынша тапсырады. Тест арқылы оқушылардың білім нәтижелері анықталып, оқушылар онлайн түрде тест тапсыруға дағдыланады, сондай-ақ ақпараттық сауаттылықтары мен ҰБТ-ға дайындықтары артады.