Амал мерекесінде, келешек ұрпаққа ұлттық құндылықты дәріптеу мақсатында, қазанға бауырсақ пісіріліп, наурыз көже дайындалып, ұлттық ойындар ойнатылды. Амал мерекесі барысында оқушыларға бата берілді.
Әрбір пенденің аузы аққа, мал аузы көкке тиіп, адамның адаммен, жылдың жылмен көрісіп, ақ тілектер ақтарылатын күн.Олай болса, жаңа өмір, жаңа күнмен көрісетін Амал мерекесі құтты болсын! Ағайын мен туыс арасындағы, құрбы-құрдастар арасындағы байланысты бекітетін тамаша дәстүріміз ұмытылмасын! Амал мерекесінде баршаңызға бақыт, береке тілейміз! Жыл құтты болсын!
