Бақ «Қайда барасың десе, бірлігі жарасқан елге барамын, ынтымағы келіскен жерге барамын» деген екен

Сол айтқандай, бақ қонса тек бірлігі мен ынтымағы жарасқан елге қонатындығы бүгінде ақиқат. Сан түрлі ұлт пен ұлысты ұйыстырып, берекесі мен берекетін келістіріп отырған ҚАЗАҚ ЕЛІ бүгінде бірлік пен ынтымағы ұялаған жерге айналды. Бірлікті айтудан жалықпаған, ынтымақты насихаттаудан шаршамаған біздің елдің таңы тыныштықпен атып, күні достықпен жалғасып, түні сыйластықпен батса екен деген тілек әр азаматтың көкірегінде сайрап тұр.

Сондықтан да Қазақтан халқының бірлігі мен ынтымағының мерекесі – 1 мамыр күніне арналған «Ынтымағы жарасқан туған өлкем – Қазақстан» тақырыбындағы аудандық шара Сарға ауылдық мәдениет үйінде аталып өтті. Шараны ауылда орналасқан екі білім ордасы – «Бейнеу мектеп-интернаты» КММ- і мен «Жанкелдин атындағы орта мектеп» КММ- і бірлесіп ұйымдастырды. «Бір атаның балалары» қойылымынан бастау алған мереке ұлттар мен ұлыстардың нақышты ән, би, жырына ұласып, мерекелік күннің шырайын ашты. Шараны тамашалауға арнайы келген қонақтар да, ауыл тұрғындары да мерекенің мазмұнды, эстетикалық талапқа сай, жоғары деңгейде ұйымдастырылғанына жоғары баға беріп, алғыстарын жаудырды.