2025-2026 оқу жылының жоспарына сәйкес, 23 ақпан күні ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында оқушылардың білім сапасы,оқушылардың ҰБТ-ға дайындығы және қорытынды және аралық аттестаттау туралы айтылды. Мектеп директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары ата-аналар жиналысында 11-сынып оқушыларының ҰБТ-ға дайындығы, ұпайлары, ҰБТ-ның кезеңдерімен таныстырып өтті.
Сонымен қатар, жиналыс барысында ата-аналарға 9,11-сынып оқушыларының қорытынды аттестаттауды және 5-8,10-сынып оқушыларының қазақ тілі пәні бойынша аралық аттестаттау өткізілетіндігі туралы түсінік жұмыстары жүргізілді.
