«Бейнеу мектеп- интернаты» КММ- де 23 ақпан күні құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен жалпы мектепішілік ата- аналар кездесуі болды. Мақсаты: құқық бұзушылықтың алдын алу. Кездесуге аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Е. Искаков, мектеп инспекторы С. Акадилова және отбасылық зорлық- зомбылыққа қарсы күрес тобының инспекторлары қатысты. Кездесу кезінде тұрмыстағы зорлық- зомбылық, алаяқтық, сталкинг, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық туралы көптеген тақырыптар қозғалып, ата- аналарға түсінік жұмыстары жүргізілді.
