Мектебімізде 2 наурыз күні «Алғыс айту – парызым» атты оқушылардың мерекелік құттықтауы болды.
Мақсаты:
Қоғамда алғыс айту мәдениетін насихаттау, ризашылық пен мейірімділікті адамгершілік құндылық ретінде дәріптеу, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу.
Мерекелік құттықтау барысында қатысушылар жүрекжарды алғыс сөздерін арнап, ата-анаға, ұстаздарға, достарына ризашылықтарын білдіріп ән жырларын арнады. Шара барысында әсерлі тілектер, поэзиялық жолдар мен музыкалық құттықтаулар ұсынылды.
