Ақпараттық-түсіндіру шарасы

«Бейнеу мектеп – интернаты» КММ – де 9 – 11 сынып оқушыларына арналған білім сынақтары, жоғары және арнаулы орта оқу орындары, сондай-ақ мамандық таңдау бойынша ақпараттық-түсіндіру шарасы өткізілді. Шараның негізгі мақсаты – бітіруші түлектерге алдағы білім алу бағытын дұрыс таңдауға бағыт-бағдар беру, білім сынақтарының ерекшеліктерімен таныстыру және болашақ мамандық таңдауда саналы шешім қабылдауға көмектесу.
Іс-шара барысында оқушыларға қорытынды аттестаттау, ҰБТ, кешенді тестілеу, грантқа түсу мүмкіндіктері, құжат тапсыру ережелері туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар еліміздегі жоғары оқу орындары мен колледждер жайлы мәліметтер ұсынылып, сұранысқа ие мамандықтар, еңбек нарығындағы өзекті бағыттар таныстырылды. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қажетті кеңестер алды.