«Ауғанстан ақиқаты»

2024 жылдың 13 ақпан күні, «Бейнеу мектеп-интернаты» КММ-де Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай ауған соғысының тарихи мағыналық ақиқатын ашу, ауған соғысы жылдарындағы халыққа тигізген зардабы, ержүрек батырларымыздың ерлігі туралы мәлімет беру, құрмет көрсету, оқушыларды Отан сүйгіштікке, ерлікке, адалдыққа тәрбиелеу мақсатында «Ауғанстан ақиқаты» тақырыбында кездесу кеші болып өтті. Кездесу кешіне Ауған соғысының ардагері Калилаев Сандыбай Абдраманович қатысты. Кездесу кеші өте жоғары деңгейде өтті. Оқушылар өздерінің ойларында жүрген сұрақтарына жауап алып, ардагермен пікір алмасты.