«Әкелер мектебі»

Маңғыстау облысы білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің «Бейнеу мектеп-интернаты» КММ- де ата- аналарды педагогикалық қолдау орталығының «Әкелер мектебі» жобасы аясында «Жақсы әке» атты әкелермен сұхбат- кездесуі ұйымдастырылды. Сұхбат барысында әкелерге тұрмыстық өмірде кездесетін жағдаяттық мәселелер мен күнделікті білуге тиісті қарапайым сұрақтар қойылып, ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің ролі туралы ой пікірлері ортаға салынды. Әкелер шара барысында балаларының өздері туралы көзқарастарын тыңдап, балалық шақтарындағы ата- анасының тәрбиесін еске алды. Шара соңы оқушылардың саздық сәлеміне ұласты. Әкелермен сұхбат кездесуі мектеп басшылығының әкелерге деген Алғыс хатын тапсырумен аяқталды.