«Ақылыңды мейірімге орап бер»

«Бейнеу мектеп – интернаты» КММ – де ата – аналарды педагогикалық қолдау орталығы жоспарына сәйкес 5-11 сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Ақылыңды мейірімге орап бер» тақырыбында ата-аналарға арналған тренинг өтті. Басты мақсат ата-аналарға қолдау көрсету, мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықтың берік іргетасын қалыптастыру. Ата-ана мен мектептің қарым- қатынасы – ұрпақ тәрбиесінің қайнар бұлағы десек, мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелігінің бір ұшы ата-аналармен, қоғамдастықпен мектептің бірлескен әрекетінде. Тренинг аясында ата-аналар бала тәрбиесінің маңызы туралы өз ойларымен бөлісті.