«Бейнеу мектеп-интернаты» КММ-нің жатақханасында 37 тәрбиеленуші (12 қыз, 25 ұл) жатып оқиды. Олар күн сайын 5 мезгіл тегін тамақпен қамтамасыз етілген. Таңғы ас, түскі ас, түскі полдник, кешкі ас және жатар алдындағы ас ұйымдастырылған. Тәрбиеленушілерді тамақпен қамтамасыз ету үшін 3 аспаз және 2 аспаз көмекшісі қызмет етеді. Мемлекеттік сатып алу бойынша анықталған кәсіпкер тамақ жеткізумен айналысады. Тамақтар отандық өнімдерден дайындалады және сертификаттары бар.







