Әлеуметтік педагог

15.01.2026ж.
8-сыныпқа жаңадан келген оқушы Абайқызы Ұлдайдың отбасымен таныстық. Әлеуметтік педагог, сынып жетекші, психолог, тәрбиеші болып ата-анасымен таныстық. Әкесі карьерде жұмыста, анасы Атамекен мектебінде, техқызметкер , біз барғанда үйінде екен. Бала өтпелі кезеңде болғандықтан, үйден көп шығып кетеді екен. Ата-анасына көп бағынбайтын сияқты. Үлкен екі қызы тұрмыста, жаман емес, екі кіші қызы сабақта, олардың да сабағы жақсы, мінездері жаман емес, тек осы қызы екен,қиындық туғызып жүрген.


13.12.2025ж.
Мектеп-интернаттың 20 жылдық мерекесіне орай “Жарқын 20 жылға — 20 шара” аясында “ Ұлт рухы -аталар өсиетінде” тақырыбында кездесу кеш өткізілді. Кездесуге 4 әке қатысты. Олар өз өнерлерін паш етті. Бір әке саяткерлігімен, бірі қолөнерімен, енді бірі домбыра өнерімен, енді бірі құрылыс өнерімен ерекшеленді. Кездесуде сұрақтар қойылды, қонақкәде сұралды. Шара мақсатынан шықты.


12.12.2025 ж.
Мектепте ата-ана қамқорлығынсыз қалған 7 оқушы оқиды. Олар 3 отбасыдан. 4-сынып оқушысы Карим Жеңісбек, 6-сынып оқушысы Каримова Мәдина осындай отбасы балалары. Анасы көлік апатынан қайтыс болған. Әкесі басқа адаммен отбасы құрып кеткен, бұларды тастап кеткен. Оларға туған ағасы Каримов Ниязбек қамқоршы болып тағайындалған. Отбасымен, тұрғылықты үйімен танысу болды.


21.11.2025ж.
ІІБ қызметкерлерімен кездесуі өтті


25.04.2024 ж.
«Манашы жалпы білім беретін орта мектебі» КММ-нен келген қамқоршылық тағайындалған 9-сынып оқушысы Аманбаева Әйгерім, 6-сынып оқушысы Аманбай Көбейсін және 2-сынып оқушысы Асан Әминаның отбасымен таныстық. Әкесі қайтыс болған, анасы психикалық ауруға ұшыраған. Сондықтан балалардың үлкені, студент ағасы Аманбаев Өмірханға қамқоршылық тағайындалған. Отбасының жеке тұрғын үйлері бар, ағасының атында. Бөлмелері жеткілікті, тазалығы орташа. Ауласы абаттандырылмаған. Әлеуметтік жағдайы орташа, орташа табыс жеңілдік қаржыдан келеді, шамамен 270-290 мың теңге аралығында.


16.09.2024 ж.
Мектеп асханасынан 1-4-сыныптың 16 оқушысы, аз қамтылған отбасының 12 оқушысы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Асхана жұмысы күнделікті бракераж комиссиясының бақылауында. Балалар күніне 509 теңгенің тамағын ішеді.


22.07.2024 ж.
Базарбайлар отбасы, Сарға ауылы, Қ.Тасымұлы көшесі, 11/1 үй.


22.07.2024 ж.
Жарылғасындар отбасы, Сарға ауылы, Т.Әлиев көшесі, 22-үй.


22.07.2024 ж.
Жолдастар отбасы, Бейнеу ауылы, Шүңкілдек, 62.


19.09.2024 ж.
Аудандық ІІБ қызметкерлерінің қатысуымен ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа мектеп басшылары, сынып жетекшілері, ата-аналар қатысты. Жиналыста оқушылардың сабақтан тыс уақыттағы қозғалысы сөз болды. Полиция қызметкерлері заң тұрғысынан ата-аналарға үгіт-насихат жүргізді. Одан басқа өткен оқу жылының қорытындысы, тәрбие жұмысы жоспары, аз қамтылған отбасы балаларына берілген қаржылай көмек, «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы туралы сөз болды.


22.09.2024 ж.
Бауыржанұлы Бауырбектің отбасымен кездесу. Қамқоршылық нағашы шешесі Аубакирова Нұржамалға тағайындалған. Одан басқа үйде нағашы ағасы Мейрамбек бірге тұрады.


24.09.2024 ж.
Аудандық санитариялық орталық мамандарымен кездесу өтті. Кездесуге мектеп әкімшілігі, медбикелер және асхана қызметкерлері қатысты. Кездесуде асхананың санитариялық тазалығы, тамақ берудегі нормалар, асхана қызметкерлерінің жеке бас гигиенасы туралы айтылды. Су мәселесі де назарға алынды.


02.10.2024 ж.
Абай мектебінен ауысып келген, орыс сыныбында оқыған, 2 және 6-сыныптарда оқитын Калюжный Тимур мен Калюжный Романның отбасымен танысу болды. Бұл балаларға қамқоршылық тағайындалған. Әкесі қайтыс болған, анасы ауырады. Сондықтан нағашы әжесі Шоқарбаева Құралайдың қамқорлығына тапсырылған. Балалар тынымсыз болғандықтан, әжесінің денсаулығы сыр бергендіктен, интернатқа тапсырылған. Үйінде нағашы атасы, әжесі, нағашы ағасы тұрады. Жағдайлары жақсы, табыстары жеткілікті. Айлық, зейнетақы және жеңілдіктер алады.


21.10.2024 ж.
11-сынып оқушысы Халмұрад Әділеттің ата-анасы Эжимуратова Жарқынаймен, 9-сынып оқушысы Джайылханов Жүсіптің ата-анасы Джайылханова Замирамен, 9-сынып оқушысы Аманбай Еркіннің ата-анасы Тілеуханова Жадырамен әңгімелесу өтті. Әңгімелесу барысында ата-аналар мектеп қызметкерлеріне ризашылықтарын білдірді. Тамақ, тәртіп, тазалық, қарым-қатынас, оқу мәселелері бойынша пікір алмасу болды.


2024 жылдың 1тамыз -30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» қайырымдылық акция шеңберінде кәсіпкер З.Хожанова интернаттың 3 тәрбиеленушісіне 38 000 (отыз сегіз мың) теңгенің мектеп формасын алып берді.

Сонымен қатар «Әбіше» дүкені 7 оқушыға 15 000 (он бес мың) теңгенің оқу құралдарын алып берді. Жәрмеңке өткізу арқылы 20 000 (жиырма мың) теңге қаржыға 10 оқушыға мектеп құралдары алынды.


Аз қамтылған отбасы балаларына көрсетіліп жатырған көмектің жайы және олармен жасалып жатырған жұмыстар туралы.

(педагогикалық кеңес, наурыз айы)

Оқу жылы басталғалы интернат тәрбиеленушілеріне оқу құрладары тұрақты алынып беріліп отыр. Ол үшін әлеуметтік педагогта оқу құралдарының қоры жасалған.(қалам, қарындаш, дәптер, клей, кетіргіш). Ол қор қайырымдылқ акция шеңберінде жиналған қаржы есебінен құралған. Берілген құралдар тіркеу журналында белігіленіп отыр.

Желтоқсан айында мектеп кәсіпкері Д.Жаңбыров 1-5- сыныптың 36 оқушысына жаңа жылдық тәттілер сыйлады. Сонымен қатар аудандық «Бақытты отбасы» ұжымының демеушілігімен 5-7 – сыныптың 34 оқушысына сыйлық үлестірді.

Облыста өткен Жаңа жылдық шыршаға аз қамтылған отбасы баласы 5-сынып оқушысы Санақұл Еркебұлан қатысып, 100 000 (бір жүз мың) теңге ақшасы аударылды. Ал аудандық жаңа жыл шыршасына аз зқамтылған отбасының 5 оқушысы қатысты. (Бегейбай Ерке, Бегейбай Ақбілек, Рысбай Аида, Саламатова Марта, Қайнарбай Ақтоты). Бұларға да 100 000(бір жүз мың) теңге аударылып берілді.

Іште тұрған, берілмеген 2 ұл баланың курткасын, 2 қыз баланың курткасын, 2 ер баланың шалбарын және 1 ер баланың қысқы аяқ киімін Қамарға тапсырдым. Оның бір курткасы 7-сынып оқушысы Мырзатай Бейбітке берілді.

9-сынып оқушысы Бауыржан Бауырбекке ауылдастары көмек көрсетіп келді. 55000 теңгеге киім кешекпен қамтамасыз етілді.

4, 7- сыныпта оқитын Қаржауов Айбек пен Қаржауова Сырғаның отбасымен(Қаржауов Құрманбай, Нысанбаева айсұлу) таныстық. Толық отбасы, Бейнеудің 6- ауылында жер орыны бар екен, бірақ үй сала алмаған, қазір жалдамалы үйде тұрады. Ата анасы жұмыс жасамайды. Әкесі такси болады. Үйінде 2-сыныпта жеке үйден оқитын бала бар екен. Тұрмыстық жағдайлары өте төмен. Бұл жөнінде мектеп писхологы өз сараптамасын жасады. Оларға 10000 теңгенің тамақ өнімдерімен көмек көрсетілді.

Ауыл азамтшасы М.Аққұлова өз қаражаты есебінен шамамен 40 000теңге тұратын оқушы киімдерін алып берді.

Мектеп мұғалімі Н.Қалдыбаевтың демеушілігімен спортзалға волейбол добы( бағасы 8000), волейбол сеткасы(бағасы 5500) алынып берілді.

«Атила» дүкенінің иесі Атшыбаева Жаңылсын 21000(жиырма бір мың) теңгенің киімдерін(2 трико, 2 аяқ киім) ұсынды.

«Мажор» дүкенінің иесі Байбатыров Өміржан 9-сынып оқушысы Бауыржанұлы Бауырбекке 76500(жетпіс алты мың бес жүз) теңгенің киімдерін(жеңсіз жиде, көйлек, шалбар, спорттық киім, аяқ киім, футболка) алып берді.

3-оқу тоқсаны бойынша осы айда қайырымдылық акциясы ұйымдастырылған болатын. Акция шеңберінде барлығы 45300 (қырық бес мың үш жүз) теңге жиналды. Оның 15 000 (он бес мың) теңгесі жеке әріптестерден, 14 800 (он төрт мың сегіз жүз) теңгесі жәрмеңкеден, 15000 (он бес мың) «Әбіше» дүкені иесінен түсті.

Акция шеңберінде 8 мұғалім, бір кәсіпкерлік нысан, жәрмеңке ғана атсалысты.

Акция шеңберінде жиналған қаржы есебінен 7-сынып оқушысы С.Қаржауоваға 4000теңгеге ұлттық мектеп жакеті алынып берілді.

Акция шеңберінде жиналған қаражат есебінен 2000 теңгеге оқу құралдары (30 дәптер, 5сызғыш, 5 кетіргіш) алынды. Ауылдасымыз Г.Жаңбырованың ұйымдастыруымен киім кешек (ұлдардың спорттық киімі, аяқ киім, шұлықтар) алынып берілді.

Бір оқушыға (Б.Бауыржанұлы) 8300 теңгеге көйлек, майка алынып берілді.

Ыстық тамақ күнделікті бақылауда ұсталып отыр. Бастауыш сыныптардан 16 оқушы, 5-11- сыныптардан аз қамтылған 11 оқушы күнделікті тамақ ішеді. Тамақ сапасы жақсы. Бракераж комиссиясы айына 1 рет тексеру жүргізіп отыр. Күніне әр бала 509 теңгенің тамағы ішеді.

Мектепте қайырымдылық шаралары негізінде бейресми қор құру қажеттілігі ұсыныс ретінде айтылды. Алдағы уақытта қолымызда жиналған қаржы болатын болса, кез келген уақытта оқушыға қажеттілікті тез жойып, мәселені дер уақытында шешіп отыруға мүмкіндік болар еді.

Ораза айы кезінде отбасыларымен ақылдасып, пітір садақасын осы қорға аударайық деп ұсыныс айқанмын, әзірге 3 адам ғана ниет білдіріп, аударды.

Қыздар жатақханасында жататын 19 оқушымен сұхбат құрылып, ой пікірлері сұралды. Сұхбат барысында оқушылар тарапынан 14 ұсыныс пікір айтылып, назарға алынды. Орындалатын, іске асыруға болатын шаралар жауапты адамдарға ескертілді.

Ұлдар жатақханасындағы 29 тәрбиеленушілермен сұхбат өткізілді. Сұхбатта ер балалар пассив болды. Көп сұрақ, ұсыныс болған жоқ. Тек сенбі, жексенбіде уай- файдың жасамайтындығын, 2-3 баланың аяқ киімі жыртылып қалғандығын, теннисті кең жерге шығару керектігін, футбол алаңына барып ойнағысы келетіндігін айтты. Сұхбат соңында жоғары сыныптың оқушылары Бауыржанұлы және Ғабдулғаниевпен жеке сөйлесілді.

9- сынып оқушысы Б.Бауыржанұлының тәртібі туралы ДТЖЖО Н.Бурина ескерткеннен кейін, оқушымен сөйлесілді.

Наурыз айындағы жоспарға сай Ішкі істер өкілдерімен кездесу болды. Кездесуге жоғары сынып оқушылары қатысты. Кездесуде ІІБ өкілдері тәртіп бойынша әңгіме айтты.

Бақтиярқызы Заринаның ата-анасы Абдикаримов Бақтиярмен, Мырзатайлардың ата-анасы Тәжібаева Маржанмен, Аманбаевалардың ата-анасы Асанова Несібелімен, Николаевтардың ата- анасы Жарылғасынова Гүлшатпен, Жәлеловтердің ата- анасы Сарытаева Балзирамен пікірлесу болды. Ата-аналар сұхбат барысында мектепке, мұғалімге, тәрбиешілреге ешқандай сын пікірлері жоқтығын айтты.

Бұлардан басқа 17 оқушының ата- анасы осы жерде жұмыс жасайтын өзіміздің әріптесіміз болса, 12 ауылдас екен. Демек 29 оқушының ата анасымен күнделікті байланыстамыз деген сөз.

Мектебімізде 56 отбасы бар дейтін болсақ, соның 32 ата-анасымен байланыс жасадық деуге болады. Демек олардың 50 баласының жағдайын анық білеміз деген сөз. Алдағы уақыттарда осылай қалған ата- аналармен пікірлесіп, балалардың хал жағдайларымен танысып тұратын боламыз.

 Белгілі себептерге байланысты жүзеге аспай қалған жұмыстар болды. Жоспар бойынша жағдайы төмен отбасылары мен қамқоршылық тағайындалған балалардың отбасына барып танысуымыз керек еді. Олардың қамқоршыларының ауылда болмауына байланысты бара алмады. Ол жұмысты сәуір айына ұйымдастыратын боламыз.

Әлеуметтік педагог А.Сағындық


26.01.2024ж.

7-сынып оқушысы Мырзатай Бейбітке демеушілер есебінен 25000 теңге тұратын қысқы куртка сатып алынып берілді.


01.02.2024ж.

9-сынып оқушысы Бауыржан Бауырбекке демеушілер есебінен қысқы куртка, джинсы шалбар( 2 дана), жемпір, сумка алынып берілді. (барлығы 45 000 теңге)


02.02. 2024ж.

Мектептің әлеуметтік педагогының жұмыс жоспарына сай мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Н.Бурина, мектептің әлеуметтік педагогы А.Сағындық, мектеп психологы Л.Жетпісова, ҚББП Қ.Болысбаева болып 5,7-сыныптарға жаңадан келген Қаржауова Сырға мен Айбектің отбасымен танысып келді.

Оқушының әкесі, анасы жұмыссыз, көп балалы отбасы екен. Бір баласы үйден жеке оқиды. Биыл 1-сыныпқа келетін бір баласы бар. Жеке үйі жоқ, пәтер жалдап тұрады. Үй салатын жер орны бар, бірақ үй сала алмаған. Атаулы әлеуметтік көмекті алмаған. Тек балаға берілетін жәрдемақымен күн көріп отыр. Әкесі таксимен қызмет жасайды.

Мектептің үйден қатынап оқитын 27 оқушысы ыстық тамақпен қамтылған. Оның 15-і 1-4- бастауыш сынып оқушылары, 12-і 5-11- жоғары сынып оқушылары. Олар күніне 509 теңгенің тамағын ішеді. Ыстық тамақ дүйсенбі күні сағат 10.00-10.10 аралығында болса, аптаның қалған күндері сағат 10.25- 10.35 аралығында ұйымдастырылады. Ыстық тамақтың берілісі бойынша бракераж комиссиясы құрылған, комиссия тұрақты тексеріс жүргізіп, ыстық тамақтың берілісін бақылауда ұстап отыр.

12.02.2024ж. Қыздар жатақханасында жататын 19 оқушымен сұхбат ұйымдастырылды. Сұхбатта балаларға әртүрлі бағытта сұрақтар қою арқылы пікірлері, ойлары, ұсыныстары сұралды. Сұхбат 1 сағаттан астам уақытқа созылды. Басқосу барысында балалардан 15 ұсыныс, пікір жазып алынды. Ол ұсыныстар тиісті жауапты мамандарға ескертіліп, балалардың талабын қанағаттандыру үшін жұмыстану керектігі айтылды.


12.02.2024ж. Қыздар жатақханасында жататын 19 оқушымен сұхбат ұйымдастырылды. Сұхбатта балаларға әртүрлі бағытта сұрақтар қою арқылы пікірлері, ойлары, ұсыныстары сұралды. Сұхбат 1 сағаттан астам уақытқа созылды. Басқосу барысында балалардан 15 ұсыныс, пікір жазып алынды. Ол ұсыныстар тиісті жауапты мамандарға ескертіліп, балалардың талабын қанағаттандыру үшін жұмыстану керектігі айтылды.


15.02.2024ж.

Мектептің бракераж комиссиясы интернат тәрбиеленушілерінің күнделікті тамағы мен 1-4- сынып оқушыларының және аз қамтылған отбасы балаларының ыстық тамағына тексеріс жүргізді. Тексеріс барысында асхана тазалығы, күнделікті және екі апталық ас мәзірі, ыстық тамақтың үш күндік сынамасы, қойманыың санитарлылқ жағдайы, тамақтардың сақталу мерзімі қаралды. Тексеріс барысында бракераж комиссиясының тарапынан акт жасалып, асхана жұмысы мен тамақтың берілісіне қанағаттанарлық баға берілді.


16.02.2024ж.

3 және 7-сынып оқушылары Мырзатай Ердәулет пен Мырзатай Бейбіттің ата- анасы Тәжібаева Маржанмен (Бейнеу ауылы, 32- үйдің тұрғыны) әңгімелесу болды. Сұхбат барысында жатақханада жатқан балаларының жай -жапсары сұралды. Арыз- шағым, ұсыныс- тілек болған жоқ. Ата — ана балаларына интернаттың ұнайтынын жеткізді. Ата анадан әлеуметтік жағдайы сұралды. Балалардың әжесімен арасында түсінбестік барын, әжесінің өзін ата ана құқынан айыру үшін сотқа жүгініп қойғанын жеткізді. Жолдасы Еркебаев Мұхамединді және балаларын айырып алу үшін жұмыстанып жатқанын, өзі оған қарсы екенін, жолдасынан айырылысқысысы келмейтінін жеткізді.


19.02.2024ж.

«Жарқынай» дүкенінің демеушілігімен 8-сынып оқушысы Қиятбеков Мирасқа трико және жемпір берілді (9000 теңге).


19.02.2024 ж.

Сынып жетекшілермен сұхбат ұйымдастырылды. Сұхбат тақырыбы: Оқушылардың әлеуметтік жағдайы. Сынып жетекшілерге сұрақтар қою арқылы оқушылардың әлеуметтік жағдайы, тәртіп-тәрбиесі, бір-біріне қарым-қатынасы, көрсетіліп жатырған көмектер туралы айтылды. 8-10-сыныптың ер балаларының тәртібі сөз болып, мектепішілік есепке алып қою туралы мәселе қозғалды. Әлеуметтік педагог тарапынан бейресми қор құру туралы, оған демеушілер тарапынан берілген қаржыны жинау туралы ұсыныс айтылды.


20.02.2024ж.

Ұлдар жатақханасындағы 29 тәрбиеленушімен сұхбат ұйымдастырылды. Сұхбатта ер балалар пассив болды. Көп ұсыныс тілек айтылмады. Тек олармен тәрбие, оқу туралы әңгімелесу болды. Сұхбат 9-11 — сыныптың оқушылары Б.Бауыржанұлы, А.Ғабдулғаниев, Ә.Халмұрад, Ә.Әбдіғұловпен тәртіп туралы жеке сөйлесу болды.


05.03.2024ж

Аудандық Ішкі істер бөлімі өкілдерімен кездесу болды. Кездесуге жоғары сынып оқушылары қатысты. Кездесуде ІІБ өкілдері тәртіп, тәрбие бойынша әңгіме айтты. Оқушылардың құқықтары, міндеттері туралы баяндады. Жасөспірімдердің қылмысы туралы да тілге тиек етті.


12.03.2024ж.

4-сынып оқушысы Николай Рамазанның, 6-сынып оқушысы Николай Айдостың, 9-сынып оқушысы Николаева Замираның ата-анасы Жарылғасынова Гүлшатпен сұхбат өткізілді. Әңгімелесу барысында ата-анадан балаларының оқуы, тәртібі, мінез-құлқы туралы мәліметтер сұралды. Ата — ана тарапынан мектепке, мұғалімдерге ешқандай талап — арызы жоқ екендігін айтты. 3 баласы да ыстық тамақпен қамтылған. Өткен жылы балаларына жалпы міндетті оқу қорынан 40 000 теңгеден аударылған. 9-сыныпта оқитын қызы Замираның 9- сыныпты бітіріп, колледжге оқуға түскісі келетінін хабарлады.


18.03.2024ж.

«Мажор» киімдер дүкенінің демеушілігімен (иесі Байбатыров Өміржан) 9-сынып оқушысы Бауыржанұлы Бауырбекке 76500 (жетпіс алты мың бес жүз) теңгенің киім- кешектері (Жеңсіз кеудеше, ақ көйлек, қара ашлбар, спорттық киім, аяқ киім, футболка) алып берілді.


19.03.2924ж.

2- сынып оқушысы Бахтиярұлы Бақыт пен 5- сынып оқушысы Бахтиярқызы Заринаның ата- анасы

Абдикаримов Бахтиярмен кездесіп сөйлесілді. Балаларының интернаттағы жағдайы сұралды. Ата- ана тарапынан ешқандай арыз- талап болмады. Мектепке, мұғалімдерге, тәрбиешілерге риза екендігін жеткізді.

Осы күні 2-сынып оқушысы Асан Әминаның, 6- сынып оқушысы Аманбай Көбейсіннің, 9-сынып оқушысы Аманбаева Әйгерімнің ата- анасы Асанова Несібелімен де кездесу болды.Ол кездесу ата- ананың асығыстығына байланысты қысқа болды. Негізі бұл бұл балалардың анасының денсаулығына байланысты(психикалық ауырады, әкесі қайтыс болған) қамқоршылық тағайындалған. Қамқоршысы- студент ағасы. Анасының негізсіз, расталмаған арыздары болды. Ол сұрақтарға сол уақытта тиісті жауаптары берілді.