7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиадасының аудандық кезеңінде математика пәні бойынша “Бейнеу мектеп — интернаты” КММ-нің 7 -сынып оқушысы Қанатқызы Тұмар III дәрежелі дипломмен марапатталды.
7-8 — сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде география пәні бойынша “Бейнеу мектеп — интернаты” КММ-нің 7-сынып оқушысы Калюжний Тимур III дәрежелі дипломмен және 8-сынып оқушысы Көмекбай Бек III дәрежелі дипломмен марапатталды.
Бейнеу ауданының мектептері арасында өткізілген “Жас құтқкрушы — 2026” аудандық слетіне қатысқаны үшін “Бейнеу мектеп — интернаты” КММ-сі марапатталды.
«Алтын қазына» көркем және сәндік — қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының республикалық көрме — байқауының аудандық кезеңінде «I» номинациясы бойынша 9-сынып оқушысы Жолдас Жансезім I дәрежелі дипломмен марапатталды.
“Мәшһүр Жүсіп оқулары” республикалық байқауының аудандық кезеңінде “Би — шешендер мен ақын-жыраулар” номинациясы бойынша “Бейнеу мектеп — интернат мектебі” КММ-нің 10- сынып оқушысы Сатыбалды Жанна II дәрежелі дипломмен марапатталды.
Жетекшісі: Атшыбаева Қамажай
“Хандар,батырлар” номинациясы бойынша “Бейнеу мектеп — интернат мектебі” КММ-нің 9 — сынып оқушысы Жолдас Жансезім III дәрежелі дипломмен марапатталды.
Жетекшісі: Бозжігітова Гүлбаршын
🏅“Ілияс Жансүгіров оқулары” республикалық байқауының аудандық кезеңінде “Заманның заңғар тұлғасы” номинациясы бойынша 9-сынып оқушысы Берікқызы Шұғыла “Ерекше жетістікке жеткені үшін” грамотасымен марапатталды.
“Сұлу сөздің сүйелі” номинациясы бойынша 8-сынып оқушысы Қалыбаева Ақілес III дәрежелі дипломмен марапатталды.
🏆🏅Бейнеу ауданында өткен ашық біріншіліктен Қанатұлы Мүсілім 27 кг салмақ дәрежесінен 2 орнынға ие болды.
2-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының “Зерде” республикалық конкурсының аудандық кезеңінде этномәдениеттану секциясы бойынша 4-сынып оқушысы Ендігой Ақтілеу;
Медицина, психология, экология секциясы бойынша 4-сынып оқушысы Рысбай Ордалы марапатталды.
Жетекшісі: Сейсенбаева Ләззат
Облыстық «Сырлы әлем» мультимедиялық фестивалінің аудандық кезеңінде «Болашақ демі» командасының оқушылары Әбуғали Шаттық, Табынбай Меруерт III дәрежелі дипломмен марапатталды.
Жетекшісі: Каналиева Жанна
Жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты VIII республикалық зияткерлік конкурсының облыстық кезеңінде «Жасампаздар: менің өлкемнің тұлғалары мен батырлары» номинациясы бойынша 10-сынып оқушысы Күшікбай Ұлданай 3-ші дәрежелі дипломмен марапатталды.
Жетекшісі: Бозжігітова Гүлбаршын
Республикалық «Менің шағын Отаным» интеллектуалдық конкурсының аудандық кезеңінде «Жасампаздар: менің өлкемнің тұлғалары мен батырлары» номинациясы бойынша 10-сынып оқушысы Күшікбай Ұлданай 1-ші дәрежелі дипломмен марапатталды.
«Менің өлкемнің тарихы мен мұрасы» номинациясы бойынша 9-сынып оқушысы Жолдас Жансезім 3-ші дәрежелі дипломмен марапатталды.
Жетекшісі: Бозжігітова Гүлбаршын
“Бейнеу мектеп-интернаты”КММ-де “Ұстазыма арнау” бейнероликтер конкурсында жүлделі орын алған және 3000 теңгелік сертификатқа ие болған сыныптар:
✅1-орын:1-сынып оқушылары.Сынып жетекшісі:А.Джикынбаева
✅2-орын: 7-сынып оқушылары,сынып жетекшісі:Н. Оразалина
✅3-орын:8-сынып оқушылары,сынып жетекшісі: Қ.Атшыбаева
#ustazga_algys_mng
#ұстазыңдықұттықта
#адал_азамат_біртұтас_тәрбие
Республикалық «Махамбет оқулары» байқауының аудандық кезеңінде «Ел құтқарар ер едім» бағыты бойынша 9сынып оқушысы Түлейбай Дилназ 1 дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі:Бозжігітова Гүлбаршын
«Ілияс Жансүгіров оқулары» республикалық байқауының аудандық кезеңінде «Заманның заңғар тұлғасы»номинациясы бойынша 10-сынып оқушысы Өтегенова Балауса 3-ші дәрежелі дипломмен марапатталды.
Жетекшісі:Сатаева Әйгерім
«Сұлу сөздің сүлейі» номинациясы бойынша 9-сынып оқушысы Иманқали Айкөркем 3-ші дәрежелі дипломмен марапатталды.
Жетекшісі:Атшыбаева Қамажай
Ардақты ұстаз математика пәні мұғалімі Харесова Жанатты еске алу шарасына ұйымдастырылған «Шытырман» интеллектуалды ойыны «Геометриялық пазл» бөлімі бойынша 5-сынып оқушысы Рысбай Гүлбиназ 2-ші дәрежелі дипломмен марапатталды.
Жетекшісі:Жұмабаева Іңкәр

2025 жылдың 4 сәуір күні «Бейнеу мектеп -интернаты» КММ оқушылары, «Айбын-2025» аудандық байқауына оқушылар қатысты. Пневматикалық қаруын ату жарысы бойынша мектебіміздің оқушылары ІІІ дәрежелі дипломмен және ҚР ҰҚК ШҚ Маңғыстау оюблысы бойынша шекара басқармасының бастығы подполковник Е.Тажибаевтың Алғыс хатымен марапатталды.
К.Бітібаева атындағы республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде 11-сынып оқушысы Дыбысова Ақмоншақ ІІ орынмен, 9-сынып оқушысы Сатыбалды Жанна ерекше жетістікке жеткені үшін сертификатпен марапатталды. Жетекшілері : Атшыбаева Қамажай Нұржаубайқызы және Сағындық Айса Жалғасұлы Құтты болсын! Шәкірттеріңіз биік шыңдарды бағындыра берсін!

2-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» республикалық конкурсының аудандық кезеңінде медицина, психология, экология секциясы бойынша 6 сынып оқушысы Абылла Гүлназ ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Жетекшісі: Абуталийева Айдана.
Математика, қолданбалы математика секциясы бойынша 6 сынып оқушысы Рысбай Айда ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Жетекшісі: Жұмабаева Іңкәр.
Бастауыш сынып оқушыларына арналған «Ұшқыр ой» аудандық байқауында 4-сынып оқушысы Темірбек Айқаракөз 2 дәрежелі дипломмен марапатталды.
Жетекшісі: Көшімова Гүлжайна.
3-сынып оқушысы Жалғас Әділбекке қатысқаны үшін сертификат берілді.
Жетекшісі: Сейсенбаева Ләззат.
Республикалық лингвистикалық іріктеу олимпиадасының аудандық кезеңінде 9-сынып оқушысы Күшікбай Ұлданай І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Жетекшісі: Жұмабаева Іңкәр.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының аудандық кезеңінде «Әдебиет» секциясы бойынша 10 сынып оқушысы Өтегенова Балауса ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды
Жетекшісі: Бозжігітова Гулбаршын

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының аудандық кезеңінде «Өлкетану» секциясы бойынша 11 сынып оқушысы Дыбысова Ақмоншақ ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды
Жетекшісі: Бозжігітова Гулбаршын
ОҚУШЫЛАРЫМЫЗДЫҢ КЕЗЕКТІ ЖЕТІСТІГІ.
Ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында өткен Республикалық пәндік олимпиаданың облыстық кезеңі болып өтті. Осы білім бәйгесіне мектебіміздің 9-сынып оқушысы Күшікбай Ұлданай Оразбайқызы биология пәнінен қатысып жүлделі 2- орынды иеленді. Жетекшісі биология пәнінің мұғалімі Ихласова Куралай Избергеновна. Ұлданай оқушымызды шын жүректен құттықтаймыз.
ЖАРАЙСЫҢ, ҰЛДАНАЙ! РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕЗЕҢГЕ СӘТТІЛІК!
#ауылолимпиадасы
«Театрдың ғажайып әлемі» театр өнерінің республикалық фестиваль-байқауының аудандық кезеңінде «Драмалық спектакль» номинациясы бойынша «Тұмар» театры ІІІ дарежелі дипломмен марапатталды
Жетекшісі:Сейсенбаева Ләззат
«Үздік жас актер» номинациясы бойынша 3 сынып оқушысы Жәлел Еркебұлан марапатталды
Жетекшісі:Сейсенбаева Ләззат
Республикалық «Ақберен» өнер байқауының облыстық кезеңінде «Ұлттық аспапта өнер көрсету» номинациясы бойынша 9-сынып оқушысы Матай Саян ІІІ дәрежелі дипломмен
Жетекшісі:Атшыбаева Қамажай
марапатталды

Республикалық «Ақберен» өнер байқауының аудандық кезеңінде «Ұлттық аспапта өнер көрсету» номинациясы бойынша 9-сынып оқушысы Матай Саян І дәрежелі дипломмен
Жетекшісі:Атшыбаева Қамажай
«Эссе жазу» номинациясы бойынша 11-сынып оқушысы Дыбысова Ақмоншак
Жетекшісі:Атшыбаева Қамажай
«Көркемсөз оқу» номинациясы бойынша 8-сынып оқушысы Түлейбай Дильназ
Жетекшісі:Бозжігітова Гүлбаршын
марапатталды.
Республикалық «Махамбет оқулары» байқауының облыстық кезеңінде «Шашақты найза шалқар күй»бағыты бойынша 9-сынып оқушысы Матай Саян ІІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды
Жетекшісі:Атшыбаева Қамажай
Республикалық «Махамбет оқулары» байқауының аудандық кезеңінде «Шашақты найза шалқар күй»бағыты бойынша 9-сынып оқушысы Матай Саян 1-орын иеленіп Облысқа жолдама алды
Жетекшісі:Атшыбаева Қамажай
«Біз неткен ер,неткен ер» бағыты бойынша 9-сынып оқушысы Иманқали Айкөркем 3-орын
Жетекшісі:Атшыбаева Қамажай
«Ел құтқарар ер едім»бағыты бойынша 8-сынып оқушысы Түлейбаева Дильназ 3-орынды иеленді
Жетекшісі:Бозжігітова Гүлбаршын
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 2-4 сынып оқушылары олимпиадасының аудандық кезеңіне 3-сынып оқушысы Қайнарбай Айару қатысып , ІІ орынға ие болды. Жетекшісі бастауыш сынып мұғалімі Көшімова Гүлжайна Тұржанқызы

Республикалық «Мәшһүр Жүсіп оқулары» байқауының аудандық кезеңінде 9-сынып оқушысы Өтегенова Балауса мен 10-сынып оқушысы Дыбысова Ақмоншақ Бас жүлдемен марапатталды.
Жетекшісі: Бозжігітова Гүлбаршын
8-сынып оқушысы Иманқали Айкөркем І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Жетекшісі: Атшыбаева Қамажай.
Оқушыларымызды және әріптестерімізді жетістіктерімен құттықтаймыз! Облыстық кезеңге жолдама алған оқушыларымызға сәттілік тілейміз!
Дзюдо күресінен Ақтау қаласында “Жас батыр” спорт мектебінің ұйымдастыруымен “14-наурыз Амал мерекесіне орай” өткізілген облыстық жарыста мектебіміздің оқушысы: Қанатұлы Мүсілім 2 ші орынға ие болды.
Бапкері: Жәлелов Асылан
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған ркспубликалық олимпиаданың облыстық кезеңінде, қазақ тілі мке әдебиеті бойынша 5-сынып оқушысы Рысбай Аида қатысып, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Жетекшісі: Атшыбаева Қамажай Нұржаубайқызы

Аудандық XVII «Жас өркен» балалар шығармашылығы өнер фестивалінде 10-13 жас аралығында «Көркемсөз» жанры бойынша мектебіміздің оқушысы Қайнарбай Ақтоты І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Жетекшісі:Бозжігітова Гүлбаршын.
«Көркемсөз» жанры бойынша ІІ дәрежелі дипломмен Ринатқызы Гүлбаһрам марапатталды.
Жетекшісі: Талпақова Ақмарал.
14-17 жас аралығында Күй жанры бойынша Матай Саян І дәрежелі дипломмен марапатталады.
Жетекшісі:Тақабаев Ақниет
«Бейнеу мектеп -интернаты» КММ-сі, 5-6 сынып және 7-8 сынып оқушыларына, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша:
1.5-сынып оқушысы Рысбай Аида І орын, жетекшісі Атшыбаева Камажай
Математика пәні бойынша:
1.5-сынып оқушысы Қанатқызы Тұмар ІІ орын, жетекшісі Жұмабаева Іңкәр
6-сынып оқушысы Жалғас Әулет ІІ орын, жетекшісі Сұлтанмұратова Айдана
Жаратылыстану пәні бойынша:
1.6-сынып оқушысы Қалыбаева Ақілес ІІІ орын;
2.8-сынып оқушысы Күшікбай Ұлданай ІІІ орын, оқушылардың жетекшісі Ихласова Куралай
Тариха пәні бойынша:
1.6-сынып оқушысы Қайнарбай Ақтоты, ІІІ орын, жетекшісі Таңатарова Жаннұр
Ағылшын пәні бойынша:
1.6-сынып оқушысы Матай Айназ ІІІ орын, жетекшісі Оразалина Нұрайна.
Марапатттау кезінде олимпиадаға қатысқан оқушыларды, жетекшілері ынталандыру үшін сыйлықтар табыстады.
Облыстық кезеңге жолдама алған Аида мен жетекшісі Қамажай Нұржаубайқызына сәттілік тілейміз!
Мектебіміздің 10-сынып оқушысы Дыбысова Ақмоншақ Республикалық Мұқағали Мақатаев оқуларының облыстық кезеңінде «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды»номинациясы бойынша ІІ орынды иеленді.Құттықтаймыз!!
Жетекшісі: Бозжігітова Гүлбаршын.
2-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық
жобаларының «Зерде» республикалық конкурсының аудандық кезеңіне мектебіміздең оқушыларымыз қатысты. Нәтижесінде 2- сынып оқушысы Жалғас Әділбек «Өлкетану» секциясы бойынша қатысып ІІ орын, 2-сынып оқушылары «Этномәдениеттану» секциясы бойынша топтық жұмысты көрсетіп ІІ орын, 6-сынып оқушысы Матай Айназ «Химия» секциясы бойынша қатысып ІІ орын иеленді, жетекшілері Сейсенбаева Ләззат Айтбайқызы. «Медицина» секциясы бойынша 6- сынып оқушысы Иманқали Айзада ерекше жетістікке жеткені үшін марапатталды, жетекшісі Н.Бурина. «Өлкетану » секциясы бойынша 6-сынып оқушысы Қайнарбай Ақтоты ІІІ орын, жетекшісі Г.Бозжігітова. «Медицина» секциясы бойынша 3-сынып оқушылары А.Темірбек пен Х.Қондыбай топтық жұмыс көрсетіп ІІІ орын иеленді, жетекшісі А.Джыккинбаева. «Математика» секциясы бойынша 5-сынып оқушысы Рысбай Аида ІІ орын иеленді, жетекшісі І.Жұмабаева.

«Ең үздік медиатор мектебі» республикалық байқауының аудандық кезеңінде мектебіміздің 9-сынып оқушысы Қайнарбай Жанболат III орынға ие болды.
Жетекшісі: Бозжігітова Гүлбаршын.
2023 жылдың 30 қазан күні ауданымызда өткен Ардақты ұстаз математика пәні мұғалімі Харесова Жанаттың дүниеден озғанына 15 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Шытырман» интеллектуалды ойыны «Қызықты шариктер» бөлімі бойынша мектебіміздің 5- сынып оқушысы Рысбай Айда 1-орынға ие болды.
Жетекшісі: Жұмабаева Іңкәр
Дзюдодан Ақтау қаласында өткен “Жас батыр” облыстық ашық турнирден мектебіміздің 2-сынып оқушысы Қанатұлы Мүсілім 3-орынға ие болды.
Жаттықтырушысы: Жәлелов Асылан.
2023 жылдың 19 мамыр күні Республикалық «Ақберен» өнер байқауының облыстық кезеңінде «Көркемсөз оқу» номинациясы бойынша «Бейнеу мектеп-интернаты» КММ -нің 9- сынып оқушысы Баянтұрлы Бекзат ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Баянтұрлы Бекзатты және жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Атшыбаева Қамажай Нұржаубайқызын жетістіктерімен құттықтаймыз!

2023 жылдың 27 сәуір күні, Бейнеу ауданы бойынша бастауыш сынып мұғалімдері қауымдастығының «Білікті ұстаздан-білімді шәкірт» жобасы аясында «Мәнерлеп оқу шебері» аудандық байқауына мектебіміздің 2,3,4 -сынып оқушылары қатысты.
Нәтижесінде оқушыларымыз төмендегідей марапаттарға ие болды:
1.2-сынып оқушылары, Абай Құнанбайұлының өлеңдерінен жатқа мәнерлеп оқуынан, мектебіміздің 2-сынып оқушысы Темірбек Айқаракөз Қанатқызы І дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Джыккинбаева Айнұр Кажымуратовна
2.3-сынып оқушылары, Ыбырай Алтынсариннің өлеңдерінен жатқа мәнерлеп оқуынан, мектебіміздің 3-сынып оқушысы Ринатқызы Гүлбаһрам арнайы сертификатпен марапатталды. Жетекшісі: Талпақова Ақмарал Сұлтанқызы
3.4-сынып оқушылары , Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерінен жатқа мәнерлеп оқуынан, мектебіміздің 4-сынып оқушысы Рысбай Аида Бақытжанқызы арнайы сертификатпен марапатталды. Жетекшісі :Кокогова Ботагөз
Оқушыларымызды және оқушыларды дайындаған жетекші әріптестерімізді марапаттарымен құттықтаймыз!
Алар асулары таусылмасын! Биік белестерден көріне берсін! Болашақтары жарқын болсын!
Бүгін, 2023 жылдың 3 мамыры күні республикалық «Ақберен» өнер байқауының аудандық кезеңі өтті. Байқаудың мақсаты — оқушыларға гуманитарлық-эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауға шығармашылық қабілетті, тапқырлығын, дарындылығын таныту, олардың ақындық, шешендік шеберлігі, ұлттық аспапта өнер көрсету қабілеттеріне қолдау көрсетіп, ары қарай дамытуына жол ашу.
Аудандық өнер байқауына қатысқан оқушыларымыз жүлделі орындарға ие болды.
1.»Шешендік білгірлер» бағыты бойынша 9-сынып оқушысы Дыбысова Ақмоншақ ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі :қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қ.Атшыбаева
2.»Ұлттық аспапта өнер көрсету» бағыты бойынша 9-сынып оқушысы Хасанова Нұрсая ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі :қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қ.Атшыбаева
3.»Көркемсөз оқу»бағыты бойынша 9-сынып оқушысы Баянтұрлы Бекзат БАС ЖҮЛДЕМЕН марапатталды.Жетекшісі :қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қ.Атшыбаева
4.»Ақындар мүшәйрасы» бағыты бойынша 10-сынып оқушысы Өтегенова Динара ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.Жетекшісі :қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.Бозжігітова
Оқушыларымызды және әріптестерімізді жетістіктерімен құттықтаймыз!
Облыстық кезеңге жолдама алған Баянтұрлы Бекзатқа сәттілік тілейміз!
БАС ЖҮЛДЕ
Республикалық » Абай оқулары» байқауының аудандық кезеңінде » Жүйректен жүйрік озар жарысқанда» ақындар мүшайрасы бөлімі бойынша 10-сынып оқушысы Өтегенова Динара БАС ЖҮЛДЕ дипломымен марапатталды.
Динара облыстық кезеңге жолдама алды. Жетекшісі Бозжігітова Гүлбаршын.Оқушымызды және жетекшісі Г.Бозжгітованы жетістіктерімен құттықтаймыз!Облыстық кезеңге сәттілік тілейміз!
«Менің Отаным-Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың республикалық слетінің аудандық кезеңінде номинациялар қатысып төмендегідей жетістіктермен марапатталды.
1.»Жас өлкетанушы» номинациясы бойынша 10-сынып оқушысы Өтегенова Динара ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетешкісі Таңатарова Жаннұр.
2. «Туристік әндер» номинациясы бойынша 9-сынып оқушысы Хасанова Нұрсая ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетешкісі Таңатарова Жаннұр.
3. «Туристік кедергілер» номинациясы бойынша 9,10-сынып оқушылары бойынша «Жалын» командасы ерекше жетістікке жеткені үшін арнайы дипломмен марапатталды. Жетекшілері: тарих пәні мұғалімдері Жаннұр Таңатарова және Тақабаев Ақниет
Оқушыларымызды және жетекшілерімізді марапаттарымен құттықтаймыз!
Мектеп оқушыларыарасында өткен аудандық «Жас құтқарушы» жарысында мектебіміздің командасы ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшілері: Көбеншеев Нұрбол және Тақабаев Ақниет
Видеомонтаждаушы және видеоға түсіруші Сейсенбаева Ләззат.
Әріптестерімізді және оқушыларымызды жетістіктерімен құттықтаймыз!
Ютуб каналымызда видео жүктелді. Каналымызға тіркелсеңіз болады.
Республикалық «Мәшһүр Жүсіп оқулары» байқауының облыстық кезеңінде «Мәшһүр Жүсіп шығармалары және «Ұлы даланың ұлы есімдері» бағыты бойынша «Бейнеу мектеп-интернаты» КММ 9-сынып оқушысы Баянтурлин Бекзат ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Атшыбаева Қамажай Нұржаубайқызы
Оқушымыз Бекзатты және әріптесіміз Қамажай Нұржаубайқызын марапаттарымен құттықтаймыз!
Оқушымыздың алар асуы көп болсын! Білімді шәкірттеріміз көп болсын!
Республикалық бастауыш сынып оқушылары олимпиадасының аудандық кезеңінде ІІ орынға ие болған 4-сынып оқушысы Рысбай Аида жетекшісі: Кокогова Б.
ІІІ орынға ие болған 3-сынып оқушысы Жалғас Әсел. Жетекшісі: Талпақова А.
Жетістіктер құтты болсын!

«Табиғатты аяла» форумының «Green Oazis» номинациясының «Жасыл мектебім» жобасынан І дәрежелі дипломмен Өтегенова Балауса марапатталды. Жетекшісі: биология пәнінің мұғалімі Ихласова Құралай.
Оқушымызды және жетекшісін марапаттарын құттықтаймыз!
Облыстан жүлделі орын алуына сәттілік тілейміз!

ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН
2023 жылдың 17 сәуірі күні Ж. Қалдығараев атындағы жалпы білім беретін мектептің ғимаратында республикалық Мағжан оқуларының аудандық кезеңі өткізілді. Байқаудың мақсаты — жалынды ақын Мағжан Жұмабаев мұрасын жас ұрпаққа насихаттау және ұлттық құндылықтарды дәріптеу, дарынды, шығармашыл оқушыларды айқындау. Аудандық байқауға 2 номинация бойынша оқушыларымыз қатысты. Нәтижесінде 10-сынып оқушысы Өтегенова Динара І дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.Бозжігітова
Оқушымыз Д.Өтегенова мен әріптесіміз Г.Бозжігітованы бүгінгі жетістітерімен құттықтаймыз! Оқушымыздың алар асуы көп болсын!

МӘШҺҮР ЖҮСІП ОҚУЛАРЫ
2023 жылдың 14 сәуірі күні Сам жалпы білім беретін мектебінде республикалық Мәшһүр Жүсіп оқуларының аудандық кезеңіне мектебіміздің оқушылары қатысты. Байқаудың мақсаты — философ-ақынның рухани мұрасын дәріптеу, тұлғаның зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту, ұлы тұлғалардың істерін келешек ұрпаққа үлгі тұту. Қатысушы оқушыларымыз байқаудан жеңіспен оралды. Жеңімпаз оқушылар жүлделі орындармен марапатталды. Облыстық кезеңге 9-сынып оқушысы Баянтұрлы Бекзат жолдама алды, жетекшісі Атшыбаева Қамажай.
9-сынып оқушысы А.Дыбысова ІІІ орын мен 10-сынып оқушысы Д.Өтегенова ынталандырылды, жетекшісі Г.Бозжігітова.
Бекзатқа облыстық додада сәттілік пен жеңіс тілейміз!
Марапаттарыңыз құтты болсын! Жарайсыздар!
АУДАНДЫҚ КӨРМЕ-БАЙҚАУ
30.03.2023 ж. күні Бейнеу ауданында «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының республикалық көрме-байқауына оқушыларымыздың жұмыстары көрсетілді. Нәтижесінде:
«Халықтық киімдердің үлгісін жасау» номинациясы бойынша 9-сынып оқушысы Хасанова Нұрсая ІІІ дәрежелі дипломмен,
«Тоқыма бұйымдарын дайындау» номинациясы бойынша 5-сынып Матай Айназ ІІІ дәрежелі дипломмен,
«Қағаздан бұйымдар жасау» номинациясы бойынша 5-сынып оқушысы Санақбаева Ақан ІІ дәрежелі дипломмен,
«Халықтық киімдердің үлгісін жасау» номинациясы бойынша 7-сынып оқушысы Темірбек Гүлсезім ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Оқушылардың жетекшісі: Болысбаева Қамар Айдарбаевна
Оқушыларымызды және жетекші ұстазды марапаттарымен құттықтаймыз!
Маңғыстау облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен Республикалық «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауының облыстық кезеңінде «Ілияс – қазақ поэзиясының жыр құлагері» бағыты бойынша ІІ орынды иеленген 9 сынып оқушысы Баянтұрлы Бекзатты және оқушыны дайындаған қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Атшыбаева Қамажай Нұржаубайқызын құттықтаймыз!
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
24.02 күні Үстірт Жббм өткен 5-9 сынып оқушыларына арналған «Жас зерттеуші» аудандық байқауында ғылыми жоба негізінде «Көркем өнер» бағыты бойынша мектебіміздің 6-сынып оқушысы Жолдас Жансезім ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Жетекшісі: Болысбаева Қамар
ӘБІШ ОҚУЛАРЫ БАЙҚАУЫ
2023 жылдың 22 ақпан күні аудандық Әбіш оқулары Манашы жалпы білім беретін мектебінде өтті.
Байқауға 3 бағыт бойынша оқушыларымыз қатысты. Ә.Кекілбаев шығармаларын мәнерлеп оқу, Ә.Кекілбаев шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу, Ә.Кекілбаевтың шығармалары бойынша зерделеу жоба байқауы бойынша өз өнерлерін және білімдерін көрсетті. Нәтижесінде мәнерлеп оқу бағыты бойынша 9 — сынып оқушысы Баянтурлин Бекзат ІІІ орын иеленді, жетекшісі Атшыбаева Қамажай. Иллюстрациялық сурет салу бағыты бойынша Қайнарбаев Жанболат ІІ орын иеленді, жетекшісі Сатаева Әйгерім.
Оқушыларды және жетекшілерді жетістерімен құттықтаймыз!!!
2023 жылдың 7 ақпан күні Мұқағали Мақатаев оқуларының облыстық кезеңіне мектебіздің оқушысы Өтегенова Динара қатысты.
Байқаудың мақсаты — оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөзінің құдыреті мен қуатын жанымен сезініп жүрегімен түсіне білуге баулу.
«Көкірегімде жыр сәулесі маздайды…» номинациясы бойынша
ІІ орынды иеленді.
Жетекшісі Г.Бозжігітова мен оқушымыз Д.Өтегенованы жеңісімен құттықтаймыз!
ДИПЛОМ
2023 жылдың 1 ақпаны күні 8 — 11сынып оқушылары арасында өткізілген Республикалық Мұқағали Мақатаев оқуларының аудандық кезеңіне мектебіміздің оқушылары қатысты.
«Айтып өткен ақындп арман бар ма?» номинациясы бойынша ІІІ орынға ие болған 9 — сынып оқушысы Дыбысова Ақмоншақ. Жетекшісі: Атшыбаева Қамажай.
«Көкірегімде жыр сәулесі маздайды…» номинациясы бойынша Бас жүлдеге ие болған 10 — сынып оқушысы Өтегенова Динара. Жетекшісі: Бозжігітова Гүлбаршын.
Қазақ әдебиеті, ақын-жазушылардың шығармаларын дәріптейтін, сүйсіне оқитын оқушыларымыз көп болсын! Облысқа жолдама алған Д.Өтегеноваға сәттілік тілейміз!
Әріптестерімізді және оқушыларымызды жетістіктерімен құттықтаймыз!
Мектебеміздің оқушылары Сай — Өтес ауылындағы облыстық турнирден жүлдегер атанды. Санақұл Еркебұлан, Рысбай Аида, Қанатқызы Тұмар.
Жаттықтырушысы: Жәлелов Асылан
1. «Бейнеу мектеп-интернаты» КММ — де, 2022 жылдың 8 қараша күні, 5, 6 — сынып оқушыларының республикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңіне мектебіміздің оқушылар қатысып, дәрежелі дипломдармен марапатталды. І дәрежелі дипломмен марапатталған оқушылар аудандық кезеңге қатысуға мүмкіндік алды және төмендегідей оқушылар жолдама алды.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні — 5 — сынып оқушысы Матай Айназ және 6 — сынып оқушысы Жолдас Жансезім.
Қазақстан тарихы пәні — 5 — сынып оқушысы Аңшыбай Нұрдәулет
Ағылшын пәні бойынша — 5 — сынып оқушысы Санақбаева Ақан
Математика пәні бойынша — 5 — сынып оқушысы Жалғас Әулет.


































































































































