“Бейнеу мектеп-интернаты” КММ- де 4 сәуір күні «Мектеп- ата-ана-бала: бірлескен тәрбие алаңы»тақырыбы аясында ұйымдастырылған шара барысында мектеп психологы:
А. Канжанова ата-аналарға арналған “Отбасындағы тиімді қарым- қатынас “ тақырыбында тренинг өткізді.
Мақсаты: отбасында өзара түсіністік пен сыйластықты нығайту, ашық әрі сенімді қарым- қатынас дағдыларын дамыту, отбасында бір- біріне қолдау және мейірім қалыптастыру.
Тренинг барысында ата- аналар берілген тапсырмаларды және қызықты жаттығуларды орындауға белсене атсалысты.
