«Қожа Ахмет Яссауи мұрасындағы құндылықтар»

2026 жылдың 29 сәуір күні «Бейнеу мектеп-интернаты»КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері «Қожа Ахмет Яссауи мұрасындағы құндылықтар» тақырыбында 5–11 сынып оқушыларына диктант ұйымдастырылды. Барлығы 48 оқушы қатысып, өз білімдері мен сауаттылық деңгейлерін көрсетті.
Мақсаты: оқушылардың сауатты жазу дағдыларын жетілдіру, жазу мәдениетін қалыптастыру, Ахмет Яссауи еңбектері арқылы тарихи-рухани мұралармен таныстыру, ұлттық құндылықтарға деген құрмет сезімін арттыру және жас ұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбиесін нығайту.