«Бейнеу мектеп- интернаты» КММ-нің 6 — сынып оқушылары 2 наурыз күні Сарға ауылдық мұражайына барып, «Тарихын тасқа жазған» атты тарихи көрмеге қатысты. Көрменің басты мақсаты – жас ұрпаққа ата-бабаларымыздың бай мұрасын таныстыру, көне жазбалар мен тарихи ескерткіштердің маңызын түсіндіру. Оқушылар көне ескерткіштер, мешіттер, кесенелер туралы мағлұматтар алды.




