» Дәстүрдің жалғасы – ұлттық киім»
Қазақ халқының ұлттық киімі – ғасырлар бойы қалыптасқан мәдениеттің, салт-дәстүрдің және рухани құндылықтардың айқын көрінісі. Әрбір ұлттық киімнің өзіндік мәні, тарихы және ерекшелігі бар. Ол тек күнделікті тұрмысқа қажетті бұйым ғана емес, сонымен қатар халқымыздың дүниетанымы мен эстетикалық талғамын білдіреді.
Ұлттық киімдерде қолданылатын ою-өрнектердің де өзіндік мағынасы бар. Олар табиғатпен үндестікті, өмірдің жалғастығын, байлық пен берекені бейнелейді. Әрбір өрнек халықтың тарихынан сыр шертеді.





