«Бейнеу мектеп – интернаты» КММ – сі
Қазақта шаңырақ киелі ұғым болғандықтан, халқымыз шаңырақты әрдайым қастерлеп өткен. Себебі, осы шаңырақ арқылы ұлтымыздың тамыры тереңге жайылып, ондағы отбасы құндылықтары, салт дәстүрлерін сақтаған, ұлттық құндылықтарымызды бойына сіңірген ұрпақ сабақтастығы жалғасын табады.
Бұрынғы ата-бабаларымыз «Шаңырақ» ұғымын ұрпақ санасына сіңіріп, қазіргі таңда жалғасып келеді. Осыған орай, Шаңырақ мерекесі күнінде береке-бірлігі жарасқан, көпшілікке сыйлы, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп жүрген отбасылардың өнегелері насихатталды.
