Мектебімізде 14 наурыз- Амал мерекесіне орай «Амал келді – жыл келді!» атты мерекелік шара өткізілді.
Шараның мақсаты – оқушыларға ұлттық салт-дәстүрлерімізді насихаттау, Амал мерекесінің мән-маңызын түсіндіру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Мерекелік шара барысында оқушылар ұлттық салт-дәстүрлерден көріністер қойып, ән айтып, би биледі. Шара барысында ұлттық киімдер шеруі ұйымдастырылып, оқушылар қазақтың ұлттық киімдерін таныстырды. Сонымен қатар ұлттық ойындар — асық ату, ләңгі тебу, арқан тартыс ұйымдастырылып, оқушылар белсенділік танытты.
