«Бейнеу мектеп-интернаты» КММ-де 2 наурыз күні «Алғыс – мейірімнің мәңгілік үні» атты сынып сағаттары өтті.
Мақсаты:
Оқушылардың бойында алғыс айту мәдениетін қалыптастыру, мейірімділік, ізгілік, құрмет сияқты адамгершілік құндылықтарды дәріптеу, жақсылықты бағалай білуге тәрбиелеу.Алғыс ұғымының мән-мағынасын түсіндіру;қоғамдағы және отбасындағы ризашылықтың маңызын ұғындыру;оқушылардың бір-біріне, ата-анаға, ұстазға деген құрмет сезімін арттыру;
Сынып сағаты барысында оқушыларға алғыс айту туралы ой-толғаулар, нақыл сөздер, өмірлік мысалдар ұсынылып, оқушылар өз жүрегінен шыққан алғыс сөздерін ортаға салды. Сынып сағаттары оқушылардың рухани дамуына ықпал етіп, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруына бағытталды.
