«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ»

📌2026 жылдың қаңтар айында мектебімізде «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында Бейнеу АПҚ ЖПҚб ЮПТ КТІЖ полиция инспекторы Акадилова Сандуғаш Қайратқызымен кездесу өтті.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін кері әсері, оның алдын алу жолдары, заң талаптарын сақтау және адалдық қағидаттарының маңызы туралы кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ оқушыларға құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заңға құрметпен қарау, азаматтық жауапкершілікті арттыру мәселелері қозғалды. Оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.
📌Шараның мақсаты – білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, адалдық, әділдік және заңдылық құндылықтарын насихаттау, жас ұрпақтың азаматтық жауапкершілігін күшейту.