«Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық»

2026 жылғы 29 қаңтар күні мектебімізде «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық» тақырыбында профилактикалық кездесу өтті.
Іс-шараға Бейнеу аудандық полиция қызметі әкімшілік полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, Акадилова Сандуғаш Қайратқызы қатысты.
Кездесу барысында оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдер арасындағы жауапкершілік, заң талаптарын сақтау, сондай-ақ құқықтық сауаттылықты арттыру мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Спикер өмірлік мысалдар келтіріп, құқық бұзушылықтың салдары туралы жан-жақты мәлімет берді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, құқық бұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдерді заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу және олардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру.
Кездесу соңында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.