Мектебімізде оқушылар арасында туберкулез ауруының алдын алу мақсатында түсіндіру дәрісі өткізілді

Мектебімізде оқушылар арасында туберкулез ауруының алдын алу мақсатында түсіндіру дәрісі өткізілді. Іс-шара барысында туберкулездің жұғу жолдары, алғашқы белгілері және оның алдын алу тәсілдері туралы толық ақпарат берілді.
Дәріс кезінде салауатты өмір салтын ұстану, жеке бас гигиенасын сақтау, дұрыс тамақтану және уақтылы медициналық тексеруден өтудің маңыздылығы ерекше атап өтілді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, денсаулықты қорғаудың маңызын түсінді.
Аталған іс-шара оқушылардың денсаулыққа деген жауапкершілігін арттыруға бағытталды.