«Бейнеу мектеп-интернаты» КММ-де оқушылардың өмірі мен денсаулығын сақтау, түрлі қауіп-қатерлердің алдын алу және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру мақсатында
«Көшедегі қауіпсіздік, үйдегі өрт қауіпсіздігі және киберқауіпсіздік» тақырыбында ашық есік күні өткізілді.
Іс-шара барысында оқушыларға көшеде жүру кезіндегі қауіпсіздік ережелері, бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасауда сақ болу, жол қозғалысы талаптарын сақтау жөнінде түсіндірілді. Сонымен қатар үй жағдайындағы өрт қауіпсіздігі, электр және газ құралдарын дұрыс пайдалану, төтенше жағдай туындаған кезде атқарылатын іс-әрекеттер кеңінен қамтылды.
#ашықесіккүні
