Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің «Бейнеу мектеп-интернаты» КММ-де «Даналық мектебі» клубы мен тілдер пән бірлестігінің және әлеуметтік педагогтың бірлескен жоспарына сәйкес мектепте «Аталар өсиеті — туыстық қарым-қатынастың негізі» тақырыбында аталармен кездесу өткізілді. Кездесуге немерелері мектепте оқып, тәрбие алып жатқан аталар шақырылды. Кездесуді мектептен тағылымдамадан (практикадан) өтіп жүрген 2 маман ұйымдастырды. Кездесуге келген аталар өздерінің өмір тәжірибелерімен бөлісіп, қойылған сұрақтарға жауап беріп, немерелеріне деген ізгі ниеттерін білдірді.
