Алтын күз 2024: ханзада мен ханшайым анықталды

«Бейнеу мектеп-интернаты» КММ жатақханасында 5-8 сынып тәрбиеленушілері арасында «Алтын күз» атты күзгі бал кеші өтті. Кештің мақсаты — күзгі бал сайысының «Ханзадасы» мен «Ханшайымын» іріктеп шығару. Сайысқа 4 жұп қатысты: Фариза мен Еркінқұлан, Арай мен Жүсіпбек, Еркебұлан мен Марта, Бейбіт пен Жансезім.

Бағдарлама бойынша кезеңдер:
1-кезең: Таныстыру (ханшайым және ханзада)
2-кезең: «Өнерің өрге жүзсін»
3-кезең: «Сән үлгісі»
4-кезең: «Білгенге маржан»
5-кезең: «Берекелі дастархан»

Ең бастысы, жоғарыда айтып өткеніміздей, бүгінгі «Алтын күз-2024» сайысының «Ханзадасы» мен «Ханшайымын» іріктеп шығару болды. Олай болса, олар анықталды. Сынып оқушылары Еркебұлан мен Марта күз ханзадасы мен күз ханшайымы атанды.

Тәрбиеші: Айтымова Қамқа.