16 желтоқсан «Тәуелсіздік күніне» көрме

16 желтоқсан «Тәуелсіздік күніне» көрме

Мақсаты: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай оқушылардың патриоттық сезімдерін ояту.
Тәуелсіздіктің мәні мен маңызын тереңірек түсіндіру.

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, өнерге деген қызығушылығын арттыру.

Тәуелсіздік – ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы аңсаған арманы еді. Осынау ұлы күнге жету жолында халқымыз қаншама қиындықтарды бастан кешірді. Қазақстан халқы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасында өзінің еркіндікке деген құштарлығын, азаттыққа деген ұмтылысын бүкіл әлемге паш етті. Міне, сол ерліктерінің арқасында 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы өзінің Тәуелсіздігін жариялады.

Мектеп кітапханасында «Тәуелсіздік-тұғырым» атты көрме жасақталып, мектеп оқушыларына таныстырылды. Сұрақтарға жауап берілді