«Кімнен қандай ақыл-кеңес сұрауға болады?»

«Бейнеу мектеп-интернаты» КММ сінде «10 қазан — дүниежүзілік психикалық денсаулықты сақтау күні» онкүндігінің жоспарына сәйкес 9-11 сыныптар арасында «Кімнен қандай ақыл-кеңес сұрауға болады?» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Қатысушылар саны : 18
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың өмірлік жағдайларда дұрыс шешім қабылдауына, көмек сұрай білу дағдысын қалыптастыруға және сенімді ересектермен ашық қарым-қатынас орнатуға үйрету.
Дөңгелек үстел барысында түрлі маман иелері (мұғалім, психолог, дәрігер, тәрбиеші т.б.) туралы ақпарат беріліп, нақты мысалдар арқылы талқылаулар жүргізілді.
#10қазан #ДүниежүзілікПсихикалықДенсаулықкүні