«Жасөспірім» республикалық жедел профилактикалық іс – шарасы аясында «Бейнеу мектеп – иетернаты» КММ – де Бейнеу АПБ ЖПҚб ЮПТ КТІЖ УПИ полиция аға лейтенанты Д.Жұмабаевамен кездесу сағаты өткізілді. Кездесу сағатына жоғары сынып білім алушылары қатысты.
Кәмелетке жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және болдырмау, қоғамдық орындарда және көшелерде бұзақылықтын алдын алу, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтардың алдын алу мақсатында полиция инспекторымен бірлескен шарада, оқушыларға мектептің ішкі тәртіп ережесі мен міндеттелген форманы сақтау, құқықбұзушылықтың, зорлық – зомбылықтың алдын – алу және болдырмау, құқықтық сауаттылықты арттыру, заңсыз іс – әрекеттер жасаудан қорғау, жас ұрпаққа заңға бағынушы азамат ретінде тәлім – тәрбие беру мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта үй-жайдан тыс жерде ата – анасыз немесе заңды өкілдерінсіз жүруге болмайтындығы, жолда жүру барысында жол қауіпсіздігін сақтау, ұсақ бұзақылық , мектептің ішкі ережесіне бағынбаған жағдайдағы шаралар үшін қолданылатын жазалар жөнінде, алдын-алу үшін тәртіпсіздікке жол бермеу туралы айтып өтті. Сонымен қатар табиғат аясына ата – ана қарауынсыз шықпау керектігі ескертілді.


