«Бейнеу мектеп — интернаты» КММ — де 1 мамыр — Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Ынтымағы жарасқан туған өлкем — Қазақстан» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Шараның мақсаты: 1 мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні, ынтымақтастыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу, елімізде қоныс тепкен өзге де халықтардың озық мәдениетін, өзіндік үлгі — өнегесін көрсету. 1 мамыр — Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін! #біртұтас_тәрбие #бірліккүні



