«Бейнеу мектеп-интернаты» КММ-і бракераж комиссиясы жоспар бойынша ыстық тамақтың берілісі бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізді. Асханадан бастауыш сыныптың 15 баласы, 5-11сыныптың 10 баласы тегін ыстық тамақпен қамтылған. Ыстық тамақ уақытында ас мәзірі бойынша талапқа сай берілу үстінде. Асхана тазалығы, ыдыс-аяқтардың қолданылу жай-күйі, асхана жиһаздары мен құрал-жабдықтарының жағдайы санитарлық талаптарға сай қолданылуда. Сонымен қатар тамақ сақтау қоймасы да назардан тыс қалмады. Тамақтың сақталу мерзімдері де тексерілді. Зерделеу кезінде тамақ өнімдерінің сақталу мерзімдері талапқа сай болып шықты.
«Бейнеу мектеп-интернаты» КММ-нің бракераж комиссиясы оқушыларды ыстық тамақпен қамту мәселесі жөнінде отырысын өткізді. Отырыс барысында ыстық тамақтың берілу сапасы, асхана тазалығы, ондағы құрал-жабдықтардың дұрыстығы, қоймадағы өнімдердің сақталу мерзімі тексеріліп, қорытындысы айтылды. Бүгінгі таңда ыстық тамақ талапқа сай, күнделікті мәзір бойынша берілу үстінде. Асхана санитарлық ережелерге сай тазаланған. Ондағы қызметкерлердің барлығы форма тәртібін сақтаған. Қоймадағы өнімдердің сақталу мерзімі талапқа сай. Қойма тазалығы да жақсы. Отырыс қорытындысында жауапты мамандарға ыстық тамақтың күнделікті сапалы берілуін қатаң бақылау тапсырылды.
«Бейнеу мектеп-интернаты» КММ-інің бракераж комиссиясы ыстық тамақтың берілісі бойынша үнемі бақылау жасап келеді. Ыстық тамақ ішетін 27 оқушы бар. оның 17 -і бастауыш сыныптың баласы болса, 10-ы 5-11-сыныптың аз қамтылған отбасы балалары. Ыстық тамақ үнемі бақылауда. Екі апталық ас мәзірі бойынша берілуде. тамақ тамасы жақсы, күнделікті ыстықтай , дәмді етіп беруде. ата-аналар тарапынан арыз-шағым жоқ. Қоймадағы тамақ өнімдері де қадағаланады. Мерзімі өткен ас өнімдері кездескен жоқ.
«Бейнеу мектеп — интернаты» КММ — нің бракераж комиссиясы өз жұмысын тұрақты жүргізіп келеді. Ыстық тамақпен 1 — 4 — сыныптың 18 оқушысы, аз қамтылған 5 — 11 — сыныптың 12 оқушысы қамтылған. Комиссия айына екі рет тексеріс жүргізеді. Тамақ меню бойынша беріліп келеді, талапқа сай, асхана тазалығы санитарлық талапқа сай қаралып отыр.
«Бейнеу мектеп- интернаты» КММ- нің бракераж комиссиясы оқу жылының басынан бастап өз жұмысын бастады. Мектеп асханасынан 1-4- сыныптың барлық оқушылары мен 5-11-сыныптың аз қамтылған отбасы балалары ыстық тамақпен қамтылған. Ыстық тамақтың уақытында берілуі мен сапасын бақылау мектепте құрылған бракераж комиссиясына жүктелген.



















































































