1 — қыркүйек — Білім күні

«Мектебім — мейірім мекені» атты алғашқы қоңырау мерекесі өтті.

1 қыркүйек Білім күніне орай » Мектебім — мейірім мекені» атты алғашқы қоңырау мерекелік салтанатты жиыны өткізілді. Мерекелік іс-шараны мектеп директорының міндетін уақытша атқарушы Калбаева Жанар Шүкірбайқызы сөз алып, мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерді, оқушылар мен ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтады. Қазіргі таңда жас ұрпаққа сапалы білім саналы тәрбие беру — ұстаздар алдындағы үлкен міндет екенін атап көрсете отырып, биылғы оқу жылының ерекшелігімен таныстырды. Келген қонақтарымыз, ауыл әкімі Еміл Тұрлан Хабиболлаұлы, ардагер ұстаздарымыз Айжақсы Бегейбайқызы, Тоқтагүл Тұрғынбайқызы және Ағияш Абдоллақызы мектеп ұжымын жаңа оқу жылымен құттықтап сөз сөйледі.

Мектеп табалдырығын алғаш аттап отырған 1-сынып оқушылары өлең оқып, көпшіліктің қошеметіне бөленсе, өнерпаз оқушыларымыз ән мен күйден шашу шашты. Алғашқы қоңырау соғу рәсімін мектебіміздің жас бүлдіршіндері алаңды айнала сылдырлатып, барша қонақтарды айырықша әсем күйге бөлеп, салтанатты кештің көркін кіргізді. Осылайша Алғашқы қоңырау жиыны жақсы көңіл-күймен басталып, көңілді әсерге бөледі.

Барша ұстаздар мен ата-аналарды және оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтай отырып, биік белестерге, зор табыстарға жете берулеріне тілек білдіреміз.

#оқу_ағарту_министрлігі

#бейнеумектепинтернаты

#бейнеуаудандықбілімбөлімі

#біртұтастәрбие